Оқулық «Білім беруді дамыту федералдық институты»



Pdf көрінісі
бет98/321
Дата04.09.2023
өлшемі13,94 Mb.
#105974
түріОқулық
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   321
Байланысты:
7d6a2d54b54db2ebe9d242e24bcc4fb8

158


Көмкермелерді 
негізгі не әрлегіш материалдан арқау, арқаужіп 
бағытында не оларға 45° бұрыш астында, сондай-ақ бөлшектің 
өңделетін жиегінің пішіні бойынша пішеді. Көмкермелер бір және 
екі қабатты болады. Бірнеше бөліктен пішілген көмкермені ені 5...7 
мм қайым тігіспен қоса үтіктеу арқылы біріктіреді. Сырып тігу 
сызығын арқаужіп бағытында орналастырады. 45° бұрыш астында 
пішілген түзусызықты көмкерме қиықтарын негізгі бөлшек 
қиығының пішінін бере отырып, жия үтіктеуге не созуға болады. 
Бірқабатты көмкермені қосып тігеді не сырып тігеді. Қосып тігу 
ені 5...7 мм. Қосып тігу тігісінің қиықтарын негізгі бөлшек жаққа 
қарай (2.8-сурет, 
б
) немесе көмкерме жаққа қарай (2.8-сурет, 
в

айыра үтіктейді не жатқыза үтіктейді. Көмкерменің қосып тігу 
тігісінде 
әдіптердің 
орналасуы 
негізгі 
және 
әрлегіш 
материалдардың қалыңдығына байланысты болады. Көмкермені 
сырып тігу тігісінің ені әрлегіш материалдың қалыңдығына қарай 
1...3,5 мм. Бүктелген қосымшаның ені 5...7 мм (2.8-сурет, 
г, е
). 
Қосып тігілетін не сырып тігілетін көмкерме негізгі бөлшек 
жиегінің бойында орналасуы мүмкін. Бұл жағдайда көмкерменің 
екінші қиығы негізг бөлшектің жөрмеу не сырып тігу тігісіне келіп 
түседі (2.8-сурет, 
а, д, е, ж
). Көмкермені тұйық контур бойынша 
бекіту кезінде оны шетінің қиықтарын ішке қарай 2...3 мм бүге 
отырып және көмкерменің басқа шетіне 7...10 мм-ге кіре отырып 
сырып тігеді. 
2.8
-сурет. Бөлшектерді көмкермемен өңдеу 
159


Өнеркәсіптік өндірісте көмкермені арнайы құрылғысы және 
ызбаны орап беретін екі инелі машинаны пайдалана отырып, бір рет 
екі тігіммен сырып тігеді. 
Екі қабатты көмкермені ішкі жағынан ішке қарай бүгеді, 
қиықтарды теңестіреді және көмкермені белгіленген сызық 
бойынша ені 5...7 мм тігіспен негізгі бөлшекке қосып тігеді. Одан 
кейін көмкермені қосып тігу тігісін жаба отырып түреді де, 
көмкерме бүкпесінің бойымен салынатын екінші тігіммен сырып 
тігеді. 
Шілтерді 
жолақ түрінде көмкерме сияқты бөлшектерінің 
арасында қондырып тігеді немесе бөлшекке сырып тігеді. Шілтерді 
негізгі бөлшекпен желбіршек сияқты біріктіруге болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет