Таспалар
мен
ызбаны
негізгі бөлшекке екі тігіммен бойлық
жақтарын бүкпей сырып тігеді. Ол үшін сырып тігілетін таспаның
не ызбаның еніне қарай инелерінің арасындағы арақашықтық 5, 10,
12, 19, 20, 24, 28, 30 және 38 мм болатын екі инелі машиналар жиі
пайдаланылады. Жұқа ызбаны тігімді ызбаның ортасына сала
отырып, бір инелі машинада сырып тігеді.
Бауды
бөлшекке табанында әшекейді бағыттауға арналған терең
бөлігі бар арнайы табандықтардың көмегімен тігімді салу арқылы
сырып тігеді. Бауды тігім беткі жағынан көрінбейтіндеп етіп сырып
тігеді.
2.2.8.
Иініштерді, ендірмелерді өңдеу және
оларды негізгі бөлшектермен біріктіру
Иініш
деп негізгі бөлшектің адам денесінің тіреуіш бетінде
орналасатын бөлігін айтады. Үстіңгі тіреуіш бетте артқы бой немесе
алдыңғы бой (алдыңғы жақ) иініші, астыңғы тіреуіш бетте
белдемшенің алдыңғы не артқы енінің иініші, шалбардың алдыңғы
не артқы бөлігінің иініші орналасады. Бұйым моделіне қарай
иініштерді негізгі бөлшекпен тұтас пішілген, қималы және ашық
тігістермен орындайды.
Т ұ т а с п і ш і л г е н иініштерді өңдеу жай не күрделі қатпарды
дайындауға әкеледі (2.2.5-бөлімшені қараңыз).
Қималы иініштерді негізгі бөлшектермен қайым, бастырма не
жапсырма тігіспен біріктіреді. Біріктіру тігісін таңдау иінішті қосып
тігу сызығының пішініне, оның шетінде әрлегіш тігімнің бар-
жоғына, материалдың қалыңдығына және сетінеушілік дәрежесіне
байланысты болады. Иінішті қосып тігу сызығы түзу, сопақ немесе
бүгілме (ішкі не сыртқы бұрыштармен) болуы мүмкін.
160
Т ү з у иініштерді негізгі бөлшектермен біріктіру кезінде иінішті
негізгі бөлшекке қояды да, олардың қиықтарын сәйкестендіреді
және ені 7...15 мм қайым тігіспен қосып тігеді. Сырып тігу
тігістерінің қосымшаларын иініш жаққа қарай жатқыза үтіктейді.
Қалың материалдардан жасалған бұйымдарда сырып тігу тігісінің
қосымшалары айыра үтіктелуі мүмкін (2.9-сурет,
а
). Егер негізгі
бөлшекте қатпарлар не бүрмелер бар болса, онда оларды иінішті
біріктіргенге дейін орындайды (2.9-сурет,
б
). Иінішті бастырма
тігіспен негізгі бөлшекпен біріктіру кезінде сырып тігетін тігімді
салғаннан кейін тігіс әдіптерін жиектейді, оларды модельге сәйкес
бір жаққа жатқыза үтіктейді, одан кейін екінші тігімді бөлшектің
беткі жағына салады (2.9-сурет,
в
). Иініш қиығын жапсырма
тігіспен біріктірген кезде белгіленген сызық бойымен бүгеді, баса
үтіктейді, негізгі бөлшекке белгіленген сызық бойымен жапсыарды
және сырып тігеді. Тігіс ені және сырып тігу тігімдерінің саны
161
2.9-сурет. Түзу және сопақ иініштерді өңдеу
модельмен
анықталады. Негізгі бөлшектің қиығы алдын ала
жиектелуі тиіс (2.9-сурет,
г
). Өнеркәсіптік өндірісте иінішті негізгі
бөлшекпен сырып-тігу-жиектеу машиналарында біріктіреді.
Түзу қосып тігу сызығы бар иініштер астармен дайындалуы
мүмкін. Мұндай жағдайда бөлшекті иініш пен иініш астарының
арасына қояды да, олардың қиықтарын сәйкестендіреді және
матаның сетінегіштігіне қарай ені 5...10 мм қайым тігіспен
біріктіреді (2.9-сурет,
д
, 1-тігім). Қажет болған жағдайда иініштің
беткі жағының бойымен әрлегіш 2-тігім салынуы мүмкін.
Қисық жерінің үлкен радиусы бойынша қосып тігу сызығы бар
с о п а қ иініштерді негізгі бөлшекпен қайым тігіспен қоса үтіктеу
арқылы (2.9-сурет,
е
) немесе бастырма тігіспен біріктіреді (2.9-
сурет,
ж
). Қосып тігу тігістерінің әдіптерін жиектейді және қисық
жер ортасының бағытында жатқыза үтіктейді.
Қисық жерінің радиусы кішкене сопақ иініштерді лекало
бойынша алдын ала жатқыза үтіктелген жиегі бойынша ені 5 мм
жапсырма тігіспен біріктіреді (2.9-сурет,
з
). Иінішті жатқыза үтіктеу
әдібінің ені 5...7 мм. Негізгі бөлшек қосымшасының ені 10...15 мм.
Негізгі бөлшек қосымшасының қиығы алдын ала жиектелуі тиіс.
Егер моделі бойынша иінішті сырып тігу тігісінің ені 5 мм-ден асса,
онда иінішті алдын ала көлбеу көмкермемен не пішім асты әдіппен
жөрмейді. Одан кейін иінішті белгіленген сызық бойынша қиықпен
жиектелген негізгі бөлшектің беткі жағына салады да, көктеп тігеді
және сырып тігеді (2.9-сурет,
и
). Көктелген тігімді алып тастайды
да, бөлшекті баса үтіктейді.
Сыртқы бұрыштары бар б ү г і л м е иініштерді негізгі
бөлшектермен жапсырма тігіспен біріктіреді. Иініш қиықтарын ішкі
жағынан жатқыза үтіктейді: әуелі астыңғы қиығын, одан кейін
бүйір қиықтарын. Дайындалған иінішті ішкі жағынан жиектелген
қиықты негізгі бөлшектің беткі жағына белгіленген сызық бойынша
салады да, ені 5 мм тігіммен сырып тігеді (2.10-сурет,
а
). Егер
моделі бойынша иініштің сырып тігу ені 5 мм-ден көп болса, онда
сырып тігер алдында иініш бұрыштарын (2.10-сурет,
б
), иініш
қиықтарын ішкі жағынан үтіктейді. Дайындалған иінішті
белгіленген сызық бойынша негізгі бөлшекке жапсырады да, сырып
тігеді (2.10-сурет,
в
). Негізгі бөлшектің қиықтарын алдын ала
жиектейді.
Ішкі бұрыштары бар бүгілме иініштерді негізгі бөлшектермен
қайым не жапсырма тігіспен біріктіреді.
Бөлшектерді біріктіру үшін қосып үтіктей отырып қайым тігісті
пайдалану кезінде негізгі бөлшек әдібінің ішкі жағында бұрыштар
орналасқан жерлерде желімдік не желімсіз қатайтқыштар қояды.
Негізгі бөлшекті иінішке бетпе-бет қойып, бөлшек қиықтарын
162
бұрыштың бір жағы бойынша сәйкестендіреді. Негізгі бөлшек
бойымен сырып тігу тігімін бөлшек жиегінен бұрышқа дейінгі
бағытта салады. Тігімді машина инесі материал қабаттарынан өткен
2.10
-сурет. Бүгілме иініштерді өңдеу
кезде астыңғы қалыпта орналасатындай етіп аяқтайды. Негізгі
бөлшек әдібін бұрыштан тігімге дейін 0,5...1 мм жетпестен, кертеді.
Негізгі бөлшекті айналдырып, оның қиығын иініші қиығымен
сәйкестендіреді де, сырып тігу тігісін бөлшектің бұрышынан
жиегіне дейін салуды жалғастырады. Қосы тігу тігісінің әдібін
жиектейді де, негізгі бөлшек жаққа жатқыза үтіктейді (2.10-сурет,
г
).
Ішкі бұрыштары бар бүгілме иініштерде негізгі бөлшектің
қиықтарын негізгі материалдан пішілген әдіппен өңдейді (2-тігім).
Негізгі бөлшек қиықтарының қосымшаларын көмкерме әдіп
қосымшаларымен бірге кертеді де, негізгі бөлшектің ішкі жағына
айналдырады, тегістейді және баса үтіктейді. Одан кейін негізгі
бөлшекті белгіленген сызықтар бойынша жиектелген қиықты
иінішке жапсырады да, сырып тігеді (2.10-сурет,
д
). Сырып тігу
тігісінің ені модельмен беріледі.
163
А ш ы қ иініштерде негізгі бөлшектерді сырып тігу тігісіне
кіретін қиықтардан басқа қиықтардың барлығын жабық не ашық
жиектелген қиықты бүктелме тігіспен өңдейді; ызбамен не көлбеу
көмкермемен шеттіктейді; көлбеу көмкермемен не пішілген
көмкерме әдіппен жөрмейді. Бөлшек қиығын өңдеуге арналған тігіс
типін бұйымның модельдік ерекшеліктеріне және материалдың
қасиеттеріне қарай таңдайды.
Ашық иінішті бұйымдарда алдыңғы бой мен артқы бойда иініш
пен көкірекшенің иық қиықтарын жеке-жеке сырып тігеді. Мұндай
иініш бұйымдармен өңдеген кезде мойын ойындысының сызығы
бойынша біріктіріледі. Ашық иінішті бұйымдарда артқы бойда ғана
не алдыңғы бойда ғана иінішті негізгі бөлшекке иық қиықтарын
сырып тіккенге дейін қосып көктейді.
Достарыңызбен бөлісу: |