желімдік іштікпен қатырмалайды, оның астыңғы қиығын
манжетаның астыңғы қиығынан 10 мм-ге жоғары орналастырады
(2.29-сурет,
б
). Қатырмалағаннан кейін манжетаның астыңғы
қиығының қосымшасын ішкі жағына айналдырып, онымен ішік
қиығын бүгеді. Қосымшаны баса үтіктейді және манжетаның беткі
жағынан ені 6...7 мм тігіспен жөрмейді (
2
-тігім). Дайын манжетаны
ішкі жағынан баса үтіктейді.
Қақпақша не жапырақша сияқты манжета да шеті мен ұштары
бойынша жиектемемен, ызбамен, желбіршекпен, шілтермен
әрленуі мүмкін (2.2.6-бөлімшені қараңыз).
Дайын манжетаны жеңде жең аузының тілігі өңделіп, жең
қиықтары сырып тігіліп және жиектеп торланғаннан кейін жеңге
қосып тігеді. Манжетаны астармен жеңнің ішкі жағына жапсырады,
бөлшек қиықтарын бір-бірімен, ал манжетаның ұштарын тіліктің
жақтарымен сәйкестендіреді. Манжетаны астардың ішкі жағынан
ені 7...10 м тігіспен қосып тігеді (2.29-сурет,
в
,
3
-тігім). Қосып тігу
тігісінің қиықтарын манжета жаққа бүгеді. Манжета қиығын ішке
қарай бүктейді, манжета астарын сырып тігу тігімін жаба отырып,
жеңге сырып тігеді (
4
-тігім). Сырып тігу тігісінің ені 1 мм. Жеке
тіккен кезде манжетаны қосып тікпес бұрын қосып көктейді. Егер
моделі бойынша манжетаның шеті мен ұштары бойынша әрлегіш
тігім қарастырылса, оны сырып тіккеннен кейін бірден, сырып тігу
тігімдерін тоқтатпастан, орындайды (
4а
тігімі).
Жеңді сырып тігу тігісінде орналасқан шлицаны жеңдерде
манжетаны жеңнің беткі жағына қояды, қиықтарды теңестіреді,
манжетаның шеттерін үлкейтілген қосымшалармен шлицаға қарай
бүгеді және қиықтарды сырып тігу-жиектеу машинасында торлай
отырып қатар қосып тігеді. Манжетаны қосып тігуді және қосып
тігу тігісінің қиықтарын жиектеп торлауды екі түрлі машинада: сы
рып тігу және жиектеу машинасында кезек-кезекпен орындауға
болады (2.29-сурет,
г
,
5
және
6
-тігімдер). Манжетаны беткі жағына
бүгеді. Шлицаның үстіңгі шетін бекітпемен бекітеді (7-тігім).
Көлденең шлицаны жеңдерде манжетаны сырып тігу-жиектеу
машинасында да қосып тігеді. Бұл ретте шлицаны алдын ала
өңдейді. Дайын манжетаны жеңнің беткі жағына қояды да,
қиықтарды теңестіреді. Манжетаның ұштарын көлденең шлицаның
ұзындығын шектейтін бақылау белгілерінде орналастырады.
Манжетаны бүгіп тігеді, сонымен қатар қосып тігу тігісінің
қиықтары мен манжета ұштарының арасындағы шлица қиықтарын
жиектеп торлайды (2.29-сурет,
д
). Мұндай өңдеуді кезекпен
жүргізуге болады: әуелі манжетаны қосып тігеді (
3
-тігім), одан
кейін қиықты жиектеп торлайды (
4
-тігім). Шлицаның жиектелген
Достарыңызбен бөлісу: