Оқулық «Білім беруді дамыту федералдық институты»



Pdf көрінісі
бет151/321
Дата04.09.2023
өлшемі13,94 Mb.
#105974
түріОқулық
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   321
Байланысты:
7d6a2d54b54db2ebe9d242e24bcc4fb8

233


 
2.29
-сурет. Қатты қосып тігілген манжетаны өңдеу және оны жеңмен 
біріктіру
шетін манжета шетін бекіте отырып сырып тігу машинасында бүгіп 
тігеді (
5
-тігім). Манжетаны жеңге қосып тіккеннен кейін манжетада 
салынған белгіге сәйкес ілгектер шалып тігеді және түймелер 
тағады. Ілгектер мен түймелер батырмалармен алмастырылуы 
мүмкін. Ілмектер үшін екі ілгек – манжета жақтарының 
әрқайсысына бір ілгектен шалып тігеді. 
234


2.7.3. 
Жеңді бұйыммен біріктіру
 
Жеңді бұйыммен модельге және жеңнің конструкциясына 
байланысты сол не басқа реттілікпен біріктіреді. Біріктіру үшін 
әртүрлі тігістерді: жатқыза үтіктеп қайым, бастырма, жабық қиықты 
жапсырма, бүктемелі тігісті пайдаланады. Сирек жағдайда тұйық, 
сейсеп, айыра үтіктеп қайым тігістерді қолданады. Жеңді қондырып 
тігу тігісінің қиықтарын жиектеп торлайды, шеттіктейді немесе 
қолтық ойындысы мен жеңтүп қиықтарын ішке қарай 3...5 мм-ге 
бүге отырып, ені 1 мм тігіспен бүгіп тігеді. 
Қондырма жеңдерді жабық не ашық қолтық ойындысына 
қондырып тігеді. Жабық қолтық ойындысында жеңді алдыңғы бой 
мен артқы бойдың иық және бүйір қиықтарын біріктіріп, 
өңдегеннен кейін қондырып тігеді. Өнеркәсіптік өндірісте жеңді 
алдын ала шалып тікпестен, жеңтүп бойынша қажетті қондыруды 
қамтамасыз ететін арнайы машинада қондырып тігеді. Тігімді 
жеңнің ішкі жағы бойынша салады, тігіс ені 10...12 мм. 
Жеке тіккен кезде жеңтүп бойымен әуелі қиықтан 3 және 5 мм 
арақашықтықтықта машинамен не қолмен екі тігім салады және 
қондырманы жеңтүп бойымен біркелкі орналастыра отырып 
жіптерді тартады. Алдыңғы бой мен артқы бойдың қолтық 
ойындысын созылып кетуден сақтау үшін оның үстіңгі тұстарында 
100...120 мм арақашықтықта иық тігісінің астына қиықтардан 7...13 
мм арақашықтықта машина тігімін салады. 
Жеңді беткі жағына, ал бұйымды ішкі жағына айналдырады. 
Жеңді бұйымның қолтық ойындысына салады, бөлшектерді беткі 
жақтарын бір-біріне қаратып орналастырады. Жеңтүп пен қолтық 
ойындысының 
қиықтарын 
және 
бақылау 
кертпелерін 
сәйкестендіреді және бөлшектерді әуелі жеңді қондырмастан 
жеңтүптің астыңғы тұсында түйреуіштермен түйрейді, одан кейін 
жеңді қондырып үстіңгі тұсында түйрейді. Одан соң түйреуіштерді 
кезек-кезекпен ала отырып, жеңді шалып тігеді. Жеңтүптің үстіңгі 
тұсында, шалып тігу тігісіне жетпестен, қондырманы тігіс 
қосымшасында жия үтіктейді. Қондырып тігуді бұйым жақтан 
жүзеге асырады, одан кейін қондырып тігу тігістерін жиектеп 
торлайды. Қондырып тігу тігісінің ені 10...15 мм. 
Шаршы қолтық ойындысы бар модельдерде (2.30-сурет, 
а
) әуелі 
жеңүптің үстіңгі сопақша бөлігін (
1
-тігім), одан кейін астыңғы түзу 
бөлігін (
2
-тігім) қондырып тігеді, қосымшаны қолтық 
ойындысының бұрышынан кертеді. Қолтық ойындысының бұры 
шын сетінеп кетуден сақтау үшін оның астына ішкі жағынан алдын 
ала желімдік не желімсіз қатайтқыш қояды. Жеңнің астыңғы түзу 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет