3.3.
беру талап етілсе, онда ерлер пиджагының көпаймақтық бүйір
іштікпен қатырмаланған алдыңғы бойын қосымша бүйір іштікпен
және иық қондырмасымен біріктіреді. Пиджактар моделіне
байланысты қосымша бүйір іштіксіз немесе иық қондырмасынсыз
жасалуы мүмкін.
Қатырмалағаннан кейін ұсақ және әрлегіш бөлшектерді өңдейді,
негізгі бөлшектерді бастапқы өңдеуді жүзеге асырады. Бұл ретте
ұсақ және әрлегіш бөлшектерді өңдеу реттілігі астарсыз бұйымның
балама бөлшектері сияқты болады.
АЛДЫҢҒЫ БОЙ МЕН АРТҚЫ БОЙДЫ
БАСТАПҚЫ ӨҢДЕУ
3.3.1.
Қиықтарды өңдеу
Бұл сатыда негізгі бөлшектердің қиықтарын өңдейді, бүкпелер
мен тілікшелерді орындайды, алдыңғы бой мен артқы бойдың
бөліктерін біріктіреді, әрлегіш тігістер мен тігімдерді орындайды,
артқы бойдың шлицасын өңдейді.
Егер негізгі бөлшектердің қиықтары (алдыңғы бой мен артқы
бойдың қолтық ойындысының қиықтары, алдыңғы бойдың иық
қиықтары, артқы бойдың мойын ойындысының қиықтары, тұтас
пішілген жеңдердің алдыңғы бөлігінің иық қиығы, реглан жеңдерді
алдыңғы боймен және артқы боймен сырып тігу тігістерінің
қиықтары) қатырмалау кезінде пішілген желімдік іштіктермен
бекітілмесе, онда созылып кетуден сақтау үшін олардың бойымен
желімдік жиекті салады немесе оларға желімсіз жиекті қосып тігеді.
Модель мен материал қасиеттеріне байланысты жиекті басқа
қиықтар бойынша да салады. Жиек ені 7...10 мм. Оны қиықтан 3...5
мм арақашықтықта біраз соза отырып салады. Егер негізгі бөлшек
қалыптаудан өтсе, онда қиықтарды жиекпен қалыптағаннан кейін
бекітеді.
Етек жағы ашық астарлы бұйымдарда бұйым мен астардың тік
біріктіру тігістерінің қиықтарын (бүйір, ортаңғы, бедерлі және т.б.)
бөлшек етегінен үстіге қарай 400...500 мм бойына, ал кең етекті
бұйымдарда бел сызығына дейін жиектеп торлайды. Қиықтар
астарлы матадан жасалған көлбеу көмкермемен ашық не жабық
қиықты шеттіктеу тігісімен шеттіктелуі мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: