Оқулық «Білім беруді дамыту федералдық институты»



Pdf көрінісі
бет164/321
Дата04.09.2023
өлшемі13,94 Mb.
#105974
түріОқулық
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   321
Байланысты:
7d6a2d54b54db2ebe9d242e24bcc4fb8

255
 

тарау
3.1.


3.2.
3.2.

бөлшектерді қатырмалау; 

ұсақ бөлшектерді өңдеу; 

алдыңғы бой мен артқы бойды бастапқы өңдеу; 

қалталарды өңдеу; 

түймеліктерді өңдеу; 

алдыңғы бой мен артқы бойды бүйір, иық қиықтары бойынша 
біріктіру; 

бұйым етегін өңдеу; 

жағаны өңдеу және оны бұйыммен біріктіру; 

жеңдерді өңдеу және оны бұйыммен біріктіру; 

астарды, жылулық іштікті өңдеу және оларды бұйыммен 
біріктіру; 

бұйымды соңғы өңдеу. 
Модель мен бұйым түріне байланысты бөлшектер мен 
түйіндерді өңдеу реттілігі өзгеруі мүмкін. 
БӨЛШЕКТЕРДІ ҚАТЫРМАЛАУ
 
Бұйым өңдеуді пішім бөлшектерін қатырмалаудан бастайды. 
Қатырмалау 
деп бөлшекті бет бойымен желімдік іштікпен 
біріктіру операциясын айтады. Қатырмалау бөлшектерге қосымша 
серпімдік, пішін тұрақтылығын береді, бөлшек қиықтарын созылып 
кетуден сақтайды. 
Желімді іштіктерді бір жағына желімдік жабын салынған, 
трикотаж не тоқылмаған жайма матадан жасалған терможелімдік 
іштік материалдардан пішеді. Терможелімдік іштік материалдарды 
бір-бірінен құрылымы жағынан ғана емес, сондай-ақ талшықты 
құрамы, беткі тығыздығы, отыруы, қалыптасу қабілеті, қаттылығы 
жағынан да ерекшеленеді. 
Терможелімдік іштік материалдарды таңдаған кезде олардың 
беткі тығыздығын, қалыңдығы мен отыруын назарға алу қажет. Бұл 
көрсеткіштер негізгі материалдардың көрсеткіштеріне сәйкес келуі 
тиіс. Бөлшектерге барынша серпімдік пен пішін тұрақтылығын беру 
үшін жоғары қаттылықпен сипатталатын терможелімдік іштік 
материалдарды пайдаланады. Трикотаж негізіндегі терможелімдік 
іштік материалдардың, басқа негіздегі материалдарға қарағанда, 
беткі тығыздығы мен қалыңдығы бірдей жағдайда қаттылығы аз 
болады, алайда трикотаж құрылымының ерекше қасиеттері оларды 
әртүрлі отыру дәрежесіне ие маталардан жасалған киімдерді 
дайындаған кезде пайдалануға мүмкіндік береді. Тоқылмаған 
256


желімдік негіздегі терможелімдік іштік материалдар нашар 
қалыптасу қабілетіне ие, сондықтан оларды артынан қалыптау (жия 
үтіктеу, созу) қажет бөлшектерді қатырмалау үшін пайдаланбайды. 
Желімдік іштікті қатырмалау кезінде желімдік жағын бөлшектің 
ішкі жағына қояды. Жоғары температураның әсерімен іштіктің 
желімдік жабыны балқиды. Қысым астында желім біріктірілетін 
материалдарға біраз қалыңдыққа дейін енеді. Кейіннен суыту 
кезінде ол қатайып, негізгі материал мен іштіктің желімдік 
қосылысын 
жасайды. 
Қатырмалауды 
өңдеудің 
қажетті 
параметрлерін: үтіктегіш не баспақ бетінің температурасын, 
желімделетін материалдарға түсетін қысымды, баспақтау ұзақтығын 
қамтамасыз ете отырып, үтіктегіш немесе баспақ жабдықта 
орындайды. 
Желімдік іштікті бүкіл бөлшекте немесе модель мен негізгі 
материалдың қасиеттеріне қарай оның жекелеген бөліктерінде 
орналастырады. Әдеттегідей, негізгі бөлшектердің бөліктерін (тұтас 
пішілген өңірасты, иініш) немесе ұсақ бөлшектерді (үстіңгі және 
астыңғы жаға, жағаның қиылған тіктемесі, қиылған өңірасты, 
қақпақша, жапырақша, белдікше, пата, белдік, пішілген әдіп және 
т.б.) бүкіл беті бойынша қатырмалайды. Бұл ретте негізінен 
тоқылмаған 
негіздегі 
терможелімдік 
іштік 
материалдарды 
пайдаланады. Алайда, негізгі бөлшек бөліктері мен астыңғы жаға 
моделіне қарай мата немесе трикотаж негізіндегі терможелімдік 
іштік 
материалдармен 
қатырмалануыс 
мүмкін. 
Дәл 
осы 
материалдармен жұмсақ белбеуді қатырмалайды. Пиджактың, 
жакеттің астыңғы жағасын қатырмалау кезінде тоқылмаған 
инетесімді негіздегі арнайы терможелімдік материал пайдаланылуы 
мүмкін. 
Негізгі бөлшектерді толығымен немесе жекелеген бөліктерде 
қатырмалайды. Егер негізгі бөлшек желімдік іштікпен бүкіл беті 
бойынша немесе оның көп бөлігі бойынша біріктірілсе, онда негізгі 
бөлшек тұтас қатырмаланған деп айтады. Негізгі бөлшектерді тұтас 
қатырмалау үшін жақсы қалыптасу қасиеттері бар мата немесе 
трикотаж 
негізіндегі 
терможелімдік 
іштік 
материаларды 
пайдаланады. Бұл ретте тұтас қатырмалауға арналған желімдік 
іштіктерді іштік материалдың арқаужібінің не ілмек бағанасының 
бағыты қатырмаланатын материалдың арқаужібінің бағытымен 
сәйкес келетіндей етіп пішеді. Іштік қиықтары негізгі бөлшек 
қиықтарына дейін 2...7 мм жетпейді және кейінгі өңдеу кезінде 
бөлшектерді біріктіру тігістерінде тігімдермен бекітіледі. Тілікті 
қалталардың орналасатын жерлерінде желімдік іштікті, қалтаның 
ұсақ бөлшектері (әдіптер, қақпақша, жапырақша) қатырмаланған 
жағдайда, қалтаның тілік сызығының екі жағынан да 10...15 мм-ге 
кертеді. Бұл қалта тұсында бұйымның қалыңдығын кішірейтуге 
257


мүмкіндік береді. Тұтас қатырмалауға арналған желімдік іштіктің 
астыңғы қиығы негізгі бөлшектің етегінің бүгіліс қосымшасының 
бүгілу сызығына дейін жетеді. 
Негізгі бөлшектердің жекелеген бөліктерін қатырмалау кезінде 
желімдік іштіктерді алдыңғы бой мен артқы бойдың тіреуіш 
бетінде, тұтас пішілген өңірастында, лацканда, өңірдің астыңғы 
бұрышында, қиылған бүйір жанның үстіңгі бөлігінде, бұйым мен 
жеңдер шлицасының қосымшаларында, қалта аузының орналасатын 
жерлерінде, алдыңғы бой мен артқы бойдың мойын, қолтық 
ойындыларының қиықтарында, артқы бойдың иық тігісінде, 
алдыңғы бойдың, артқы бой мен жеңнің реглан қиықтарында, 
жеңтүпте, үстіңгі жағаның үстінде және т.б. бекітеді. Іштіктер 
қатырмаланған бөлшектерде олардың қиықтары негізгі материалдан 
жасалған бөлшектердің қиықтарынан 2...7 мм қашықта болатындай 
етіп және бөлшектерді біріктіру тігістеріне кем дегенде 1...2 мм 
кіріп тұратындай етіп орналасуы тиіс. Олай болмаған жағдайда, 
іштік қиықтары одан әрі өңдеу барысында әрлегіш тігімдермен 
бекітілуі тиіс. 
Өңірастын, өңірдің астыңғы бұрышын, жең мен бұйым 
шлицасының қосымшаларын, үстіңгі жағаның ұштарын негізінен 
тоқылмаған терможелімдік іштік материалдармен қатырмалайды. 
Шлица пен етектің бүгілу қосымшалары көптесікті желімдік 
іштікпен қатырмалануы мүмкін. Мұндай іштікті қатырмалау 
алдында шлицаның қосымшасына немесе етектің бүгілу 
қосымшасына тесу қосымшаның бүгілу сызығы бойынша өтетіндей 
етіп қояды. Алдыңғы бой мен артқы бойдың тіреуіш бетінің 
бөліктерін, лацканды, қиылған бүйір жанның үстіңгі бөлігін, қалта 
аузының орналасатын жерлерін, мойын мен қолтық ойындысы 
қиықтарының, артқы бойдың иық қиығын, жеңнің реглан немесе 
жеңтүп қиықтарын қатырмалау үшін мата немесе трикотаж 
негізіндегі терможелімдік материалдарды қолданады. Желімдік 
іштіктердің бойлық жібінің бағыты негізгі бөлшектің бойлық 
жібінің бағытымен сәйкес келеді. 
Лацканның желімдік іштігінде арқаужіпті лацканның бүгілу 
сызығына параллель етіп орналастырады (3.1-сурет, 
а
). Лацканның 
желімдік іштігінің ішкі қиығы оның бүгілу сызығын қолтық 
ойындысы жаққа 10...20 мм жауып тұрады. Қалыңдықтың біркелкі 
кішіреюін қамтамасыз ету үшін лацкан іштігінің ішкі қиығын тіспен 
кеседі. Лацканды қатырмалағаннан кейін желімдік іштік үстінен 
лацканның бүгілу сызығының бойымен желімдік жиек салады. 
Жиек ені 10...15 мм. Оны лацканның бүгілу сызығынан 10 мм 
арақашықтықта қолтық ойындысы жаққа біраз созу арқылы 
бекітеді. Бұл ретте желімдік іштіктің қиығы желімдік жиектің 
ортасында орналасады (3.1-сурет, 
б
). 
258


Қиылған бүйір жанның үстіңгі бөлігінің желімдік іштігін 
арқаужіпке 45° бұрыш астында пішеді. Бұл іштіктің астыңғы қиығы 
желімдік іштік шетінің бүйір жанның беткі жағынан өтуін 
кішірейту үшін толқын тәрізді пішінде болуы тиіс (3.1-сурет, 
в
). 
Тұтас пішілген өңірастының желімдік іштігін негізгі бөлшектің 
беткі жағына іштік бүйір сызығын 10...15 мм жабатындай етіп, ал 
астында дайын бұйым етегінің сызығына дейін жететіндей етіп 
орналастырады (3.1-сурет, 
г
). 
Созылып кетуден сақтау үшін артқы бойдың иық қиықтарын, 
артқы бойдың, алдыңғы бойдың мойын ойындысының және 
қиылған бүйір жанның қиықтарын қатырмалайды. Ол үшін 
қиықтардың пішіні бойынша пішілген ені 15...50 мм желімдік 
іштіктерді пайдаланады. Артқы бойдың қолтық ойындысының 
қиықтарын оларды жия үтіктегеннен кейін қатырмалайды. Арнайы 
жабдықта қатырмалауды артқы бойдың қолтық ойындысының 
қиықтары бойынша қондырманы жия үтіктеумен қатар жүргізеді. 
Артқы бойдың иық қиықтарының желімдік іштіктерінің астыңғы 
қиықтары қатырмаланған бөлшектің қалыңдығын біркелкі 
кішірейту үшін ирек пішінде болады (3.1-сурет, 
д
). Жоғарыда 
аталған қиықтарды созылып кетуден сақтайтын пішілген желімдік 
іштіктердің орнына ені 10...15 мм желімдік жиекті пайдалануға 
болады. 
Бұйымның не жеңнің шлицасында желімдік іштікті шлица 
қосымшасы жақтан ол шлицаның бүгілу сызығынан 10...15 мм-ге 
кіріп тұратындай етіп және астында дайын бұйым етегінің не жең 
аузының сызығына дейін жететіндей етіп орналастырады (3.1-сурет, 
е
). Бұйым шлицасының желімдік іштігі ені 10...15 мм желімдік 
жиекпен алмастырылуы мүмкін. Жиекті шлица қосымшасының ішкі 
жағында шлицаның бүгілу сызығына параллель одан 1...3 мм 
арақашықтықта соза отырып салады. Егер бұйым шлицасын 
қатырмалау үшін мата не трикотаж негізіндегі терможелімдік іштік 
материалдарды пайдаланса, онда іштік шлицаның бүгілу сызығына 
дейін 5...7 мм жетпеуі тиіс. Шлица қосымшасын қатырмалағаннан 
кейін желімдік жиекті желімдік іштіктің үстінен шлицаның бүгілу 
сызығының бойымен салады. Жиек ені 10...15 мм. Оны шлица 
қосымшасы жақтан бүгілу сызығынан 1...3 мм арақашықтықта жиек 
желімдік іштіктің шетін 5...7 мм жабатындай етіп орналастырады. 
Бұйым етегінің пішінін сақтауға етектің бүгілу қосымшасын 
желімдік іштікпен қатырмалау ықпал етеді (3.1, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет