тұрақтылығына қойылатын әртүрлі талаптармен байланысты.
Аталған қасиеттердің көрсеткіштеріне қойылатын ең жоғары
талаптар иық сызығы мен кеуденің анағұрлым шығыңқы нүктелері
арқылы өтетін сызықтың арасындағы алдыңғы бойдың тіреуіш
бетінің бөлігіне қойылады. Бұйымның дәл осы бөлігінде желімдік
іштіктердің ең көп саны орналасады. Желімдік іштіктердің
қосымша қабаттарының бөлшектері әртүрлі өлшем мен пішінде
болады, оларды бір немесе бірнеше терможелімдік іштік
материалдардан пішеді. Пиджактың алдыңғы бойының тіреуіш
бетінің қосымша қабаттары ретінде қосымша бүйір іштік (мата
негізіндегі терможелімдік іштік материалдан), иық қондырмасы
(мата немесе тоқылмаған негіздегі материалдан, 3.1-сурет,
н
)
сияқты бөлшектерді пішеді. Желімдік іштіктердің қосымша
қабаттарын негізгі бөлшектермен негізгі желімдік іштікпен қатар
немесе алдыңғы бойды тұтас қатырмалағаннан кейін біріктіреді.
Балалар бұйымдарында бірқабатты іштіктерді қолданады.
Әйелдер бұйымдарында іштіктердің саны екіге тең болуы мүмкін.
Ерлер киімінде іштіктердің саны бұйым түрі мен модельге
байланысты үшке дейін көбейеді.
Желімдік іштіктер қабаттарының санын, жартылай фабрикаттың
қалыңдығы мен салмағын, оны өңдеу ұзақтығын азайту үшін мата
негізіндегі
көпаймақтық
терможелімдік
іштік
материалды
пайдаланады. Алдыңғы бойды осындай материалмен тұтас
қатырмалау кезінде әртүрлі бөлікте (ең жоғары – алдыңғы бойдың
тіреуіш бетінде, ең төмен – бөлшектің астыңғы бөлігінде) серпімдік
пен пішін тұрақтылығының дәрежесі әртүрлі болып, қаттылығы
үстіңгі бөліктен астыңғы бөлікке қарай біртіндеп төмендейтін
бөлшекті алады. Пиджактың моделі мен негізгі материалының
қасиеттеріне байланысты алдыңғы бойды тұтас қатырмалауға
арналған іштікті лацкан бөлігімен не онсыз көпаймақтық
терможелімдік іштік материалдан пішеді. Лацкандық іштікті
қозғалмалы құрылымға ие болбыр материалдардан жасалған
бұйымдарды қатырмалаған кезде пайдаланады. Пиджактарды тығыз
материалдардан дайындаған кезде іштікті лацканның бүгілу
сызығына дейін пішеді. Лацкан іштігін бұл жағдайда жеке өзін
қаттылығы аз іштік материалдан пішеді.
Алдыңғы бойды тұтас қатырмалауға арналған көпаймақтық
желімдік іштікті пішкен кезде үстіңгі қатты аймақтың астыңғы шегі
қолтық ойындысы тереңдігінің деңгейінен 20...30 мм төмен өтуі
тиіс (3.1-сурет,
о, n
). Іштіктің қатты аймағы бел сызығында бүкпены
сырып тігу тігісіне тимеуі тиіс. Іштіктің астыңғы жұмсақ
аймағының үстіңгі шегі пиджактың бүйір қалтасының сызығынан
20...30 мм жоғары орналасуы тиіс.
Егер моделі бойынша бұйымға жоғары пішін тұрақтылығын
Достарыңызбен бөлісу: