2...4 мм арақашықтықта бақылау сызығын жүргізеді. Лекалодардың
ауданы ± 100 мм
2
дейінгі дәлдікпен өлшенеді.
Барлық негізгі және көмекші жұмыс лекалоларында техникалық
бақылау бөлімінің (ТББ) немесе сапаны басқару бөлімінің (СББ)
клеймосы болуы тиіс. Бақылаушының клеймосынсыз лекалоны
жұмыс үшін пайдалануға тыйым салынады.
Өндіріс үстіндегі жұмыс лекалоларын эталон-лекалолар мен
өлшемдер табелі бойынша айына бір реттен сирек емес тексереді.
Жұмыс лекалоларының эталон-лекалолардан жол берілетін
ауытқулары әрбір қиық бойынша ± 1 мм.
Эталон-лекалоларды өлшемдер табелі бойынша тоқсанына бір
реттен сирек емес тексереді. Тексеруден кейін күнін қойып,
«Тексерілді»
деген
мөртабан
басады.
Эталон-лекалолар
қиықтарының негізгі лекало өлшемдерінен ауытқулары ± 1 мм
аспауы тиіс.
Барлық лекалоларды ілулі күйде әрбір жиынтыққа еркін қол
жеткізу мүмкіндігі болатындай етіп сақтайды. Эталон-лекалоларды
эксперименттік цехта 18...20°С температурада және ауаның
60...70% салыстырмалы ылғалдығында сақтайды.
Материалдарды пішуді жайылған лекало сұлбаларының
суреттемелері бойынша орындайды (бұдан әрі жайылған лекало
сұлбаларының суреттемесін жайылма деп атаймыз).
Достарыңызбен бөлісу: