Тігін бұйымдарының жоғары
сапасын қамтамасыз етуде
өндірістің барлық кезеңдерінде бақылауды ұйымдастыру зор
маңызға ие. Өндірісте бақылаудың мынадай түрлері қабылданған:
кірме, операциялық және дайын бұйымдарды бақылау.
Кірме бақылау
келіп түскен материалдардың стандарт
талаптары мен жеткізілім шарттарына
сәйкестігін тексеруді
қамтиды.
Операциялық бақылау
– тігін цехында белгілі бір операциялар
аяқталғаннан кейін, бұйым түйіндері мен бөлшектері өңделгеннен
кейін орындалатын жартылай фабрикаттарды бақылау (түйіндік
және операциялық, өзін-өзі бақылау мен өзара бақылау).
Дайын бұйымдардың сапасын бақылау
дайын бұйымдардың
тігін өнеркәсібіндегі стандарт талаптары мен техникалық шарттарға
сәйкестігін тексеруден тұрады.
Мемлекеттік стандарттау жүйесімен
стандарттардың
мынадай санаттары қарастырылған: мемлекеттік стандарттар, сала
стандарттары, кәсіпорын стандарттары.
Мемлекеттік стандарттар барлық кәсіпорындар мен кез келген
бағынышты
ұйымдарда,
Ресей
шаруашылығының
барлық
салаларында қолдануға міндетті болып табылады.
Мемлекеттік
стандарттар Ресейдің Техникалық реттеу және метрология
жөніндегі федералдық агенттігімен бекітіледі.
Салалардың салалық стандарттары осы саладағы барлық
кәсіпорындар мен ұйымдар үшін, сондай-ақ осы саланың өнімін
қолданатын басқа да салалардың
кәсіпорындары мен ұйымдары
үшін міндетті болып табылады.
Кәсіпорын стандарттары нормаларға, қағидаларға, талаптарға,
әдістерге және тек сол кәсіпорында
қолданылатын басқа да
объектілерге белгіленеді. Бұл стандарттар оларды бекіткен
кәсіпорындар үшін ғана қолдануға міндетті. Кәсіпорын стандартын
кәсіпорын басшысы бекітеді.
Стандар талаптарына сәйкес шығарылатын өніммен қатар,
тігін
бұйымдарының көп мөлшерін техникалық шарт (ТШ) талаптарына
сәйкес дайындап, шығарады. Техникалық шарттар – нақты типтегі
өнімге қойылатын талаптар кешенін белгілейтін техникалық құжат.
Техникалық шарттар тігін бұйымдарын дайындау үшін
қажетті
конструкторлық-технологиялық құжаттаманың ажырамас бөлігі
болып табылады. Техникалық шарттар өнімге, оны дайындауға,
бақылауға, қабылдауға және пайдалануға
қойылатын барлық
талаптарды қамтиды.
Техникалық
шарттар
кіріспе
бөліктен
және
мынадай
бөлімдерден тұрады:
Достарыңызбен бөлісу: