в
1.9
-сурет. Инешаншым параметрлері:
а
— түзу;
б
— қисық;
в
— 1 см тігімдегі инешаншым саны
n
1.3.1.Инешаншымдар, тігімдер, тігістер сыныптамасы
Тігін бұйымдарын дайындау кезінде
тігімдерді орындауға
арналған инешаншымдар МЕМСТ 12807 – 88 «Тігін бұйымдары.
Инешаншымдар, тігімдер және тігістер» стандартында көрсетілген
кластардан тұрады (1.1-кесте).
МЕМСТ 12807 – 88 тігін
бұйымдарын дайындау кезінде
қолданылатын инешаншымдардың, тігімдердің
және тігістердің
шартты және графикалық суреттерін, кодты белгілерін белгілейді.
Бұл белгілер АЖЖ жүйесінде
технологиялық процестерді
инженерлік
қамсыздандыру
карталарын
әзірлеу
кезінде
пайдаланылады.
Инешаншым сыныптамасы мынадай кластарды қамтиды:
100 — бір немесе бірнеше үстіңгі жіппен жасалатын тізбекті
инешаншымдар;
200
— бір сырт жіппен жасалатын қол (машина)
инешаншымдары;
300 — екі не одан көп үстіңгі және
астыңғы жіппен жасалған
қайықты сырып тігу инешаншымдары;
400 — екі не одан көп үстіңгі және астыңғы жіппен жасалған
тізбекті сырып тігу инешаншымдары;
500 — бір не одан көп үстіңгі және астыңғы жіппен жасалған
тізбекті жиектеу және сырып тігу-жиектеу инешаншымдары;
36