Оқулық «Білім беруді дамыту федералдық институты»



Pdf көрінісі
бет28/321
Дата04.09.2023
өлшемі13,94 Mb.
#105974
түріОқулық
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   321
33


1.3.
1.3.
Пішу учаскесінде мата төсеуді, төсемдерді бөліктерге бөлуді, 
бұйым бөлшектерін қиюды орындайды, пішім сапасын бақылауды 
жүзеге асырады, пішім бөлшектерін жиынтықтайды. 
Пішу өндірісінің процестерін жетілдіру жоғары сапалы пішім 
алуға, материалдарды үнемдеуге және өнім бірлігіне жұмсалатын 
шығындарды азайтуға арналған. 
Арнайы пішу үстелінде тез қайта қосылатын және секциялық 
автоматты түрде өшетін ауа көпшігінде пішімнің жоғары ділдігін 
талап ететін бөлшектерді пішеді. Бұл құрал-жабдық еңбек 
өнімділігін арттыруға және материалды үнемдеуге мүмкіндік 
береді. 
Сырып тігетін және арнайы машиналармен, сондай-ақ ылғалды 
жылумен өңдеуге арналған құрал-жабдықпен жарақталған тігін 
цехтарының технологиялық ағындарында тігін бұйымдарын 
дайындайды. Аталмыш ағындар бір модельді, көп модельді (оларда 
бір 
мезетте 
бірнеше 
модельді 
дайындайды) 
және 
көп 
сұрыпталымды (бұйымның бірнеше түрі дайындалады, мысалы 
көйлек пен халаттар) болуы мүмкін. 
Киім дайындау кезінде қол, машина, үтіктеу және баспақтау 
жұмыстары орындалады. Үтіктеу және баспақтау жұмыстарына 
негізгі бөлшектерді желімдік жабыны бар астарлы бөлшектермен 
біріктіру үшін орындалатын жұмыстар жатады. 
Бөлшектерді өңдеу және құрастыру әдістері: 

тізбекті; 

параллель (желімді төсемені негізгі бөлшекпен баспақтау 
арқылы біріктіру, баспақпен бөлшектің пішінін қалыптастыру); 

параллель-тізбекті болуы мүмкін (көп инелі машинада, пышақты 
машинада және т.б. бөлшектерді өңдеу). 
Киім бөлшектері мен олардың қосылыстарын өңдеу үшін ине, 
желім және кейде дәнекерлеу қолданылады. Осыған байланысты 
жіптік, желімдік және дәнекерлі, тойтармалы, құйма сияқты 
біріктіру тәсілдері бөлінеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет