орындалады.
Әйелдер мен балалардың сырт киімінде алдыңғы бойды
қатырмалау үшін бірқабатты іштіктерді қолданады, ал ерлердің
костюмдері мен пальтосында қатырмалауға арналған іштік бөлшектер
көпқабатты (негізгі қабат және қосымша қондырмалар, 1.135-сурет)
болуы мүмкін. Пайдалану процесінде жуылмайтын көйлек-блузка
сұрыпталымындағы жүн матадан жасалған киімдерде жекелеген
бөліктер (өңір шеттері, жаға) мен ұсақ бөлшектерді (манжета,
қақпақшалар, жапырақшалар, белбеулер) қатырмаланады.
Бөлшектерді қатырмалау үшін мақта-мата және вискозалық мата
негізіндегі біржақты желімді жабыны бар іштік материалдар мен
тоқылмаған материалдар қолданылады. Мысалы, костюм бөлшектерін
қатырмалау үшін отырмайтын, сіңіруден өткен арт. 75069 вискозалық
матасының негізінде П-548 тұрақты нүктелі желімдік жабыны бар
іштік матаны қолданады.
Іштік материалдардан бөлшектерді негізгі бөлшектерден 0,3...0,5
см-ге (жіңішкерек) іштіктің қиылған жиектері біріктіру тігістеріне
0,1...0,2 см-ге шығып тұратындай етіп пішеді. Қатырмалауға арналған
іштік
материалдардан
жасалған
бөлшектерде
арқау
сырт
бөлшектердегі арқаужіптің бағытына сәйкес өтуі тиіс.
Желімді жабыны бар маталардан жасалған іштік бөлшектерді
негізгі бөлшектермен біріктіруді (қатырмалауды) бүкпелер мен
бедерлерді сырып тіккенге дейін, қалталарды өңдеп, оларды басқа
бөлшектермен біріктіргенге дейін, яғни қандай да бір біріктіру
тігістерін орындағанға дейін жүзеге асырады.
Бөлшектерді қатырмалау процесін жалпақ жастықшалы баспақ
арнайы баспақтарда жылумен өңдеу арқылы, ал түйіндерді өңдеу
кезінде пішіні бұйымның өңделетін бөліктерінің пішініне сәйкес
келетін жастықшалы баспақтарда жүзеге асырады.
Іштіктерді негізгі бөлшектермен біріктірген кезде әуелі баспақ
жастықшасына негізгі бөлшекті бескі жағын төмен қаратып қояды,
одан кейін негізгі бөлшектің ішкі жағына желімді жабыны бар іштік
материалдар жасалған бөлшекті қояды.
Белбеу дайындау кезінде желімдік жабыны бар іштік бөлшекті
белбеудің астыңғы бөлігінің ішкі жағына іштік бөлшектің бір бойлық
қиығы белбеу бүкпесінің сызығына сәйкес келетіндей етіп, ал басқа
қиығы жөрмеу сызығының бойымен өтетіндей етіп немесе жөрмеу
тігімінің астына 0,1....0,2 см-де тұратындай етіп қояды. Белбеудің
айылбас бекітілетін ұшында іштік белбеуден 0,7...1 см-ге қысқа болуы
тиіс
.
Достарыңызбен бөлісу: