Оқулық «Білім беруді дамыту федералдық институты»


Әрлегіш  бөлшектер негізінен көйлектер мен блузкаларда  кездеседі. Оларға қосетектер, бүрмелер, желбіреуіштер, жабо,  145



Pdf көрінісі
бет88/321
Дата04.09.2023
өлшемі13,94 Mb.
#105974
түріОқулық
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   321
Байланысты:
7d6a2d54b54db2ebe9d242e24bcc4fb8

Әрлегіш 
бөлшектер негізінен көйлектер мен блузкаларда 
кездеседі. Оларға қосетектер, бүрмелер, желбіреуіштер, жабо, 
145
2.2.


галстук, бант, алынбалы-салынбалы жағалар және т.б. жатады. 
Әрлегіш бөлшектердің сыртқы түрі мен конструкциясы әртүрлі 
болады. Бұл бөлшектер негізгі не әрлегіш материалдан жасалады. 
Бөлшектерді бастапқы өңдеу мынадай жұмыстардан тұрады: 

бөлшектерді қатырмалау; 

қиықтарды өңдеу; 

бүкпелерді, тілікшелерді өңдеу; 

қатпарлар мен әрлегіш тігістерді жасау, 

негізгі бөлшек бөліктерін біріктіру, иініштер мен ендірмелерді 
негізгі бөлшектермен біріктіру; 

ұсақ бөлшектерді өңдеу; 

әрлегіш бөлшектерді өңдеу. 
2.2.2. 
Бөлшектерді қатырмалау
 
Қатырмалау бөлшектерге қаттылық, пішін тұрақтылығын беру 
үшін жүзеге асырылады. Астарсыз бұйымдарда жағаның барлық 
бөлшектері немесе олардың кейбірі (үстіңгі жаға, астыңғы жаға, 
жаға тіктемесі, астыңғы жаға тіктемесі), манжеталар және олардың 
астары, өңірасты, қақпақшалар, қиып тігілген қалталардың 
жапырақшалары қатырмаланған болуы мүмкін. Алдыңғы бойдың 
ішкі жағында қиып тігілген қалталар орналасқан жердің атында 
қатайтқыштар (бойлықтар) қойылуы мүмкін. Іштіктер мен 
қатайтқыштар желімді және желімсіз болуы мүмкін. Пішім 
бөлшектерін қатырмалау жалпақ жастықшасы бар баспақта не 
үтікпен, қатырмалау режимдері мен ылғалды жылумен өңдеу 
жұмыстарын орындаудың техникалық шарттары сақтала отырып 
жүргізіледі. 
Желімді іштіктермен қатырмалау кезінде негізгі бөлшекті 
баспақтың көлденең бетіне немесе үтіктегіш үстелге беткі жағын 
төмен қаратып қояды. Іштікті беткі жағын негізгі бөлшектің ішіне 
қаратып, іштік қиықтары негізгі бөлшектің қиықтарына дейін 2...7 
мм жетпейтіндей етіп орналастырады. Одан кейін қатырмалауды 
жүзеге асырады. Үтікпен жұмыс жасаған кезде оны бөлшек бетінің 
бойымен қоймай, бөлшекке түсіреді де, одан тік көтереді. Үтікті еш 
жерге тигізбей, ауада ауыстырады. Қатырмаланған бөлшектердің 
өлшемдері мен пішінін лекалолар бойынша тексереді. 
Егер негізгі материалдың қозғалмалы, тез пішіні өзгеретін 
құрылымы болса, пішер алдында оның бір тілігін қатырмалап көріп, 
одан кейін барып бөлшектерді (жағаны, жағаның қима тіктемесін) 
пішкен дұрыс. Операциялардың мұндай реттілігі нақты, 
146


симметриялық, ауытқусыз, келесі операцияның алдында тексерудің 
және дәлдеудің қажеті жоқ жартылай фабрикатты алуға мүмкіндік 
береді. 
Желімсіз іштіктер қазіргі уақытта барған өте сирек кездеседі. 
Іштікті негізгі бөлшектің ішкі жағына қойып, оның қиықтары негізгі 
бөлшектің қиықтарымен сәйкестендіреді және уақытша тігіммен – 
қолмен не машинамен бекітеді. Соңғы желімсіз іштікті барлық қиықтар 
бойымен біріктіргіш не әрлегіш машина тігімімен бекітеді де, одан әрі 
бөлшектерді өңдейді. Одан кейін уақытша тігімді алып тастайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет