Оқулық «Білім беруді дамыту федералдық институты»



Pdf көрінісі
бет84/321
Дата04.09.2023
өлшемі13,94 Mb.
#105974
түріОқулық
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   321
Байланысты:
7d6a2d54b54db2ebe9d242e24bcc4fb8

140


1.7.
іздер, балқымалар, жылулық отыру, түктің балқуы, дақтар пайда 
болып, түстің өзгеруі орын алады. 
15.
ЫЖӨ сапасы жабдықтың жай-күйіне едәуір деңгейде 
байланысты болады. 
 
ПІШІМДІ ТІГУГЕ Д АЙЫ НД АУ 
 
1.7.1. 
Пішім бөлшектерін тексеру және дәлдеу
Пішім бөлшектерін тігер алдында олардың бұйым бөлшектерін 
пішуге қойылатын техникалық талаптарға сәйкестігін тексереді. 
Пішімнің сапасын тексеру үшін будадан үстіңгі және астыңғы 
бөлшектің будаларын лекалоға қояды. Бөлшекті белгіленген 
сызықтар бойымен қиып, жеткіліксіз кертпе орындарын белгілей 
отырып, анықталған дәлсіздіктерді жояды. Жалғамалы бөлшектерді 
тігіс әдіптерін есептей отырып, қияды, бұл ретте әдіп әрбір жақтан 
0,7...1 см-ге тең болуы тиіс. 
Егер бөлшек тарылса не қысқарса, оны алып тастайды да, 
басқасымен алмастырады немесе барлық бөлшектерді кіші өлшемге 
не кіші ұзындыққа ауыстырады. 
Нүктелермен қатар, кертпелермен бүкпелердің, қатпарлардың, 
тілікшелердің, шеттердің бүгілу сызықтарының және т.б. 
орналасатын жерлерін белгілейді. 
Жолақты не торлы матадан жасалған симметриялық және жұп 
бөлшектерді сурет бойымен реттейді. Оларды суретті қиыстыру 
қосымшаларымен пішеді. Қақпақшаларда, жапсырмалы қалталарда, 
өңірастыларда кесінділерді (торларды) негізгі бөлшектердегі 
жолақтармен (торлармен) сәйкестендіреді, одан кейін бөлшектерді 
лекало бойынша бормен белгілеп, белгіленген сызықтар бойымен 
қияды. 
Өнеркәсіптік киім дайындау кезінде бір төсемде 20...40 жайма 
болуы мүмкін. Пішім бөлшектерін өңдеу мен құрастыру процесінде 
оларды шатастырып алмас үшін, бөлшектерді нөмірлеп қояды. 
Бөлшек будаларында барлық бөлшектерге жаймалардың 
төсемдегі реттілігіне сәйкес бір бұйымның барлық бөлшектерінің 
(төсемдегі бір жайманың) нөмірлері бірдей болатындай етіп реттік 
нөмірлер беріледі. Нөмірлі талондарды машинамен тағады немесе 
нөмірді қарындашпен бөлшектің ішкі жағынан салады. 
Астар мен ұсақ-түйек бөлшектер негізгі материалдан жасалған 
бұйымдарға моделі, өлшемі және түсі жағынан сәйкес келуі тиіс. 
Бөлшектер будасын қысқаштармен бекітеді де, қоймаға не тігін 
цехына арнайы жүкарбалармен апарып қояды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет