147
2.1
-сурет. Бөлшек қиықтарын өңдеу:
осы және басқа да суреттерде цифрлармен машина тігімдерін орындау реттілігі
белгіленген.
ымшасының ені 0,6...0,8 мм; бүгіп көктеу тігісінің ені 0,1...0,25 мм.
Қиықтарды бүгіп көктеу бөлшектерді көктегеннен кейін
орындалады.
2.2.3.
Бүкпелерді, тілікшелерді өңдеу
Бүкпелер тігін бұйымдарының бөлшектеріне көлемді пішін
беруге арналған. Бүкпелер барлық негізгі бөлшектерде орналаса
алады. Бүкпенің өз арасында біріктірілетін жақтары үшкір ине не
жіңішке ромб тәрізді болады. Үшбұрыш пішінді бүкпелер бөлшек
жиегінің бойымен, ромб тәрізді бүкпелер оның ортасында
орналасады. Әрбір бүкпенің ұшы беттің көбірек шығып тұратын
нүктесіне жақын жатады (мысалы, алдыңғы бойда кеуденің көбірек
шығып тұратын нүктесі, артқы бойда жауырынның көбірек шығып
тұратын нүктесі). Бөлшекте бүкпелердің саны, өлшемдері және
орналасқан жерлері әртүрлі болуы мүмкін. Бүкпелерді қайым не
жапсырма тігіспен орындайды. Сырып тігілген бүкпе жақтарының
пішініне байланысты бүкпені сырып тігу тігісі түзу сызықты не
148
қисық сызықты болады.
Астарсыз бұйымдарда қимайтын бүкпелерді жтқыза және айыра
үтіктеу арқылы орындайды, сондай-ақ қатпарларға өтетін
бүкпелерді орындайды.
Бүкпелерді өңдеуді оларды бұйымның ішкі жағында белгілеуден
бастайды. Бүкпе, сырып тігу сызықтары мен бүкпе ұштарын бормен
жүргізеді (2.2-сурет). Бөлшекті белгіленген бүкпе сызығының
бойымен өңін ішке қаратын қояды да, көктейді. Өнеркәсіптік
өндірісте көктеу операциясы жоқ. Бүкпені белгіленген сызық
бойымен бөлшек қиығынан бастап, бүкпе ұшының белгіленген
көлденең сызығында дәлме-дәл аяқтай отырып сырып тігеді (2.3-
сурет,
а
). Бөлшектің ортасында орналасқан бүкпені кез келген
ұштан бастап сырып тігеді (2.3-сурет,
б
). Бұл ретте осы бөлшектің
барлық бүкпелерін бір бағытта сырып тігеді. Сырып тіккеннен кейін
белгіленген тігімді алып тастайды да, бүкпені баса үтіктейді, одан
кейін модельге қарай жатқыза үтіктейді (2.3-сурет,
в
) немесе айыра
үтіктейді (2.3-сурет,
г
). Айыра үтіктеу кезінде бүкпелерді сырып
тігу сызығының бойымен дәлме-дәл орналастырады. Модельге
байланысты сырып тігілген бүкпелер негізгі бөлшекке беткі
жағынан бастыра тігілуі мүмкін (2.3-сурет,
е
).
Өнеркәсіптік жағдайларда бөлшек қиықтарында орналасқан түзу
сызықты қиылмайтын бүкпелерді дайындау үшін жартылай автомат
тігін машинасын пайдаланады.
Қатпарға өтетін бүкпені сырып тіккен кезде, тігімді бүкпеден
белгіленген сызыққа дейін қатпарға көлденең етіп, одан кейін
сырып тігу сызығының бойымен бүкпе соңына дейін салады (2.3-
сурет,
ж
).
Егер бүкпенің 50 мм-ден асатын айырығы болса, оны сырып
тіккеннен кейін қиып, бір
мезетте
қиықтарды
тізбекті
инешаншымдық жиектеуіш машинада жиектеген дұрыс (2.3-сурет,
з
). Сырып тігу тігімінен бүкпенің жиектелген шетіне дейінгі
арақашықтық 10 мм.
2.2
-сурет. Пішім бөлшектерінде бүкпелерді белгілеу
149
Бүкпе ұшының сызығы
Бүкпе ұшының сызығы
Бүкпені сырып тігу сызығы
Бүкпені сырып тігу сызығы
Бөлшектің бүгіліс сызығы
Бөлшектің бүгіліс сызығы
|