салады. Бүкпені бөлшектің беткі жағында бүкпенің екінші жағынан
орналастырады. Бүкпені бүгіп көктейді де, бастыра тігеді (2.3-сурет,
и
). Бастыра тігу тігімін беткі жақ бойымен бүкпеден 1...2,5 мм
арақашықтықта салады.
Тілікшелер, бүкпелер сияқты, бұйым
бөлшегіне көлемді пішін
беруге мүмкіндік береді. Бүкпеден айырмашылығы тілікшеде
сырып тігілетін қиықтардың бірі екіншісінен ұзын болады (2.4-
сурет,
а
). Ұзын қиықты модельге қарай
жинақтайды немесе ұсақ
қатпарларды тігімдермен бекіте отырып, солармен салады (1-тігім).
Бүрмелер не қатпарлар жасалғаннан кейін тілікше жақтарының
ұзындығы бірдей болуы тиіс.
Бөлшекті тілікше қиықтарын
сәйкестендіріп, өңін ішіне қаратып қояды,
одан кейін жинақталған
қиық жағынан сырып тігеді (2-тігім). Тігім басында тігіс ені 7...10
мм, тігім соңына қарай ол біртіндеп кішірейіп, жоқ болып кетеді.
Бұл ретте тігімді бүктелген бөлшектің бүкпесінде
тілік соңынан
10...15 мм-ге әрі қарай аяқтайды. Одан кейін бастыра көктелген
тігімді
алып тастайды, сырып тігу тігістерінің әдіптерін бастыра
үтіктеп, жиектейді (3-тігім), одан соң бүрмесі жоқ жанына жатқыза
үтіктейді.
Тілікше жақтарын ашық жиектелген
қиықты бастырма тігіспен
біріктіруге болады. Егер моделі бойынша бастыра тігу тігімінің ені
тігіс әдібінен үлкен болса, онда тілікше жақтарын сырып тігу
кезінде тігім астына негізгі материалдың
алдын ала жиектелген
кесіндісін салады (2.4-сурет,
б
, 1-тігім). Ұзын қиықты жинақтайды
151
2.4-сурет. Тілікшелерді өңдеу
(
2
-тігім). Тілікше жақтарын сырып тігуді қиықтың бүрмесі жоқ
жағының бойымен қосып тігумен бір мезетте орындайды (
3
-тігім).
Сырып тігу тігісін бөлшектің беткі жағы бойынша салады (
4
-тігім);
оның ені модельмен анықталады.
Жасалған бүкпелер мен тілікшелер бөлшек ортасына қатысты
симметриялық болуы тиіс, оның тігім ұштарында бекітпелері болуы
тиіс. Бүкпе не тілікше ұшында босаң
жерлер мен созылма жерлер
болмауы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: