Оқулық «Білім беруді дамыту федералдық институты»


  Мойын ойындысын жағалармен өңдеу



Pdf көрінісі
бет130/321
Дата04.09.2023
өлшемі13,94 Mb.
#105974
түріОқулық
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   321
Байланысты:
7d6a2d54b54db2ebe9d242e24bcc4fb8

2.6.2. 
Мойын ойындысын жағалармен өңдеу
 
Бұйымның мойын ойындысын әртүрлі өлшемді, пішінді, 
конструкциялы жағалармен өңдейді. Жағалардың қондырма, 
алмалы, тұтас пішілген түрлері бар. Оларды негізгі немесе әрлегіш 
материалдан пішеді. 
Жағалар үстіңгі және астыңғы жағалардан тұратын бірқабатты 
не екіқабатты болады. Үстіңгі және астыңғы жағалардың арасында 
желімдік не желімсіз іштік орналасуы мүмкін. Қатты жаға дайындау 
кзінде бірнеше қосымша іштіктерді пайдаланады. Іштіктер, 
әдеттегідей, жаға пішінді болады. Қосымша іштіктердің пішіні 
әрқилы болады. Жағаларды бір бөлшек ртінде пішеді немесе олар 
бірнеше бөліктен тұруы мүмкін. Қондырма және алмалы 
жағалардың қима тіктемесі болуы мүмкін. Тұтас пішілген 
жағаларды бір бөлшекпен алдыңғы боймен және артқы боймен, 
алдыңғы боймен және өңірастымен, тек өңірастымен пішеді. 
204


Қондырма жағаларды өңдеу
 
Қондырма жағалар деп бұйыммен мойын ойындысының сызығы 
бойынша біріктірілген жағаларды айтады. Қондырма жағалар 
бірқабатты (көбінесе) және екіқабатты болады. Қондырма 
жағаларды 
дайындау, әдеттегідей, мынадай операциялардан тұрады: 

жаға бөліктерін қатырмалау, оны іштіктермен біріктіру; 

жаға бөліктерін біріктіру; 

жаға қырлары мен ұштарын өңдеу. 
Бірқабатты жағаларды 
қатырмаламайды және желімсіз 
іштіктермен қатайтпайды. Бөліктерді біріктіруді: жиектелген 
қиықты жатқыза қайым, жапсырма, бүктемелі немесе қосарлы 
тігістермен орындайды. Бірқабатты жағаларды ұштары мен 
қырлары бойынша өңдеу үшін модельге байланысты шеттік 
тігістерді пайдаланады: ашық жиектелген не жабық қиықты 
бүктеме; жабық қиықтары бар жиектемелі не көлбеу көмкермелі 
шеттіктеу; көлбеу көмкермені не пішілген әдіпті қолдана отырып 
жай жиекті жөрмеу тігісі. Бірқабатты жағаның ұштары мен 
қырларын шілтермен, желбіршекпен, жиектемемен әрлейді. 
Бірқабатты жағаның ұштары мен қырларын өңдеу арнайы 
құрылғылары бар арнайы немесе сырып тігу машиналарында 
жүзеге асырылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет