тігімін астыңғы жаға жақтан салады. Қалған жағдайларда жөрмеуді
үстіңгі жақтан жүргізеді. Өнеркәсіптік өндіріс жағдайынла
ішкөйлек жағаларын жөрмеу үшін тігімді жөрмеу тігісінің
қосымшаларын кесумен қатар орындайтын жартылай автоматты
пайдаланады.
Тігіс қосымшаларын бұрыштардан 2...3 мм қалдыра кертеді.
Желімсіз іштік тігісінің қосымшасын 1...2 мм қалдырып, бүкіл
ұзындығы бойынша кеседі, ал астыңғы жаға тігісінің қосымшасын
2...3 мм-ге кеседі. Сонымен қатар, қисық сызықты жөрмеу
тігістерінің қосымшаларын тігімге 1...2 м жетпестен кертеді.
Жағаны беткі жағына айналдырады, тігістерін түзейді және үстіңгі
жағадан 1...2 м көмкерме жасай отырып, астыңғы жаға жақтан баса
үтіктейді. Қажет болған жағдайда жағаны үстіңгі жағадан көмкерме
жасай отырып, астыңғы жаға жақтан қолмен не арнайы машинамен
айналдыра көктейді. Кей жағдайда көмкермені жөрмеу тігісінің
қосымшаларын астыңғы жағаға сырып тіге отырып, жаға қырының
бойымен бекітеді (
2
-тігім). Сырып тігу тігісінің ені 2...5 мм.
Ұштары сүйір жағаларды, сондай-ақ қалың матадан жасалған
бұйымлардағы жағаларды бірінші қырының бойымен ғана
жөрмейді (2.21-сурет,
б
,
1
-тігім). Жөрмеу тігісінің қосымшаларын
астыңғы жағаға сырып тігеді (
2
-тігім). Одан кейін тігім ұштарын
бекіте отырып жағаның ұштарын жөрмейді (
3
-тігім). Жөрмеу
тігістерінің қосымшаларын бұрыштардан 2...3 мм қалдырып
кертеді, астыңғы жаға тігісінің қосымшасын қыры мен ұштары
бойынша 2...3 мм-ге кеседі. Жағаны беткі жағына айналдырады,
түзейді және жатқыза үтіктейді.
Жаға бұрыштарында қалыңдықты кішірейту үшін оның
ұштарын жөрмеу сызығы астыңғы жаға жаққа ауыстырылатын
конструкциясын пайдаланады. Астыңғы жағада жаға бұрышынан
жөрмеу тігісіне дейінгі арақашықтық жағаның ұзындығына қарай
30...50 мм-ді құрайды (2.21-сурет,
в
). Жағаны бірінші ұштарының
бойымен жөрмейді (
1
-тігім). Жөрмеу тігісінің қосымшаларын
жағаның пішініне қарай жатқыза немесе айыра үтіктейді. Одан
кейін қыры бойынша жөрмейді (
2
-тігім).
Егер үстіңгі және астыңғы жағалар бұйымның мойын
ойындысына бір мезетте қондырылуы тиіс болса, онда оларды өз
арасында қолмен немесе қиықтардан 5...6 мм арақашықтықта өтетін
машина тігімдерімен бекітеді. Бұл ретте тіктеменің бүгіліс сызығы
бойынша астыңғы жағаның үстіңгіге еркін үгілуін қамтамасыз ету
үшін, үстіңгі жағаны материал қалыңдығына байланысты жаға
қырына қарай 1...5 мм-ге жылжытады.
Жағаның шеттері мен қыры көмкермемен, шілтермен,
желбіршекпен әшекейленуі мүмкін. Мұндай жағдайда жиектемені,
Достарыңызбен бөлісу: