206
2.21
-сурет. Қондырма жағаларды өңдеу
шілтерді немесе желбіршекті беткі жағын астыңғы жағаның беткі
жағына қаратып салады, олардың қиықтарын сәйкестендіреді және
әрлегіш бөлшекті ені 5...7 мм тігіспен қосып тігеді. Жеке тіккен
кезде әрлегіш бөлшекті алдын ала қосып көктейді. Одан кейін
үстіңгі жағаны астыңғы жағамен жоғарыда келтірілген реттілік
бойынша жөрмейді.
Қима тіктемелі жағаны өңдеу
. Үстіңгі жағаны және оның
тіктемесін
қатырмалайды.
Жаға
тіктемесінің
іштігі
жаға
тіктемесінен 10 мм-ге жіңішкерек болуы тиіс. Қатырмалар алдында
іштіктің астыңғы қиығын тіктеменің астыңғы қиығынан 10 мм
жоғары орналастырады. Қатырмалағаннан кейін тіктеменің астыңғы
қосымшасын беткі жағына айналдырып, іштіктің астыңғы қиығын
бүгеді. Қосымшан жатқыза және баса үтіктейді. Жатқыза үтіктелген
қосымшаны үстіңгі жаға тіктемесінің беткі жағынан бүгіп тігеді,
бұл ретте тігімді жатқыза үтіктелген жиекке параллель одан 6...7 мм
арақашықтықта салады (2.21-сурет,
г
,
1
-тігім).
Үстіңгі жағаны жоғарыда қаралғандай етіп дайындайды (2.21-
сурет,
в
). Жаға шетінің бойымен оның беткі жағы бойынша, егер
модельмен қарастырылса, әрлегіш тігімді салады (2.21-сурет,
г
,
3
-
тігім).
Жағаны үстіңгі және астыңғы жаға тіктемелерінің арасына
салады және тіктеменің ұштарын жөрмеумен қатар қондырып тігеді
(
4
-тігім). Тіктеменің дөңгелектенген ұштарында қосымшалардың
артық жерлерін кертеді. Тіктемені беткі жағына айналдырып,
түзейді және баса үтіктейді.
207
|