Оқулық «Білім беруді дамыту федералдық институты»


  Әрлегіш бөлшектерді өңдеу



Pdf көрінісі
бет97/321
Дата04.09.2023
өлшемі13,94 Mb.
#105974
түріОқулық
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   321
Байланысты:
7d6a2d54b54db2ebe9d242e24bcc4fb8

2.2.7. 
Әрлегіш бөлшектерді өңдеу
 
Киімді әшекейлеу үшін желбіршек, қосетек, кокилье, жабо, 
желбіреуіш, көмкерме, сондай-ақ шілтер, таспа мен бау сияқты 
әрлегіш бөлшектерді пайдаланады.
Желбіршек, қосетек, кокилье, жабо 
мен 
желбіреуіш 
арқау не 
арқаужіп бағытында оларға 45° бұрыш астында, доға, шеңбер не 
шиыршық түрінде пішіледі.
Желбіршекті, қосетекті, кокиль мен жабоны бұйыммен бір 
қиықпен біріктіреді. Сондықтан мұндай бөлшектерде әуелі сыртқы 
және шеткі қиықтарын өңдейді, одан кейін барып оларды негізгі 
бөлшекпен біріктіреді.
Бірқабатты әрлегіш бөлшектердің сыртқы қиығын мынадай 
тігістермен өңдейді: жиектеу, шеттіктеу тігісімен, ашық жиектелген 
не жабық қиықты, сондай-ақ бөлшек жиегінің бойымен ирек 
тігіммен бүгіп тігілген қиықты бүктемелі тігіспен өңдейді.
Әрлегіш бөлшектердің шеткі қиықтары негізгі бөлшектердің 
сырып тігу тігістеріне кірген жағдайда өңделмейді. Егер шеткі 
қиықтар бос қалса, оларды сыртқы қиық сияқты өңдейді. Егер 
бөлшек шиыршықпен тұйықталса, онда оның ұштарын жиектелген 
қиықтармен бірге үтіктей отырып, қайым тігіспен не қосарлы 
сейсеп тігіспен біріктіреді; тігіс ені 5 мм-ден аспайды.
Желбіршектің, қосетектің, кокильенің өңделген жиектерін 
тігімдерді бұзып алмай, сыртқы жиегін ақырын соза отырып, баса 
157


 
 
 
2.7
-сурет. Желбіршекті бұйыммен біріктіру 
үтіктейді. Ішкі қиық бүрмеге жиналуы немесе оған қатпарлар 
салынуы мүмкін. 
Желбіреуіште екі бойлық қиықты және ұштарының бірін 
желбіршек, қосетек, кокилье, жабо сияқты өңдейді. Желбіреуіште 
бүрмелерді не қатпарларды бекітетін тігімдерді ортасына салады. 
Желбіршектерді, қосетектерді, кокилье мен жабоны негізгі 
бөлшектермен қайым (2.7-сурет, 
а
), бастырма (2.7-сурет, 
б
), 
жапсырма (2.7-сурет, 
в
) және көмкерлемелі (2.7-сурет, 
г
) тігістермен 
біріктіреді. Желбіршектер мен қосетектерді тігістерге, бүкпелерге 
не қатпарларға қайып тігуге болады. Ол үшін желбіршекті, 
қосетекті негізгі бөлшектің беткі жағына белгіленген сызық 
бойынша салады да, қосып көктейді. Әрлегіш бөлшек негізгі 
бөлшектерді сырып тігу, бүкпені не қатпарды қосып тігу кезінде 
ақырғы рет бекітіледі (2.7-сурет, 
д
). 
Өңделген желбіреуішті негізгі бөлшектің беткі жағына 
белгіленген сызық бойынша салады да, қосып көктейді және 
әрлегіш бөлшектің ортасынан сырып тігеді. 
Жабо мен желбіреуіш алынбалы-салынбалы болуы мүмкін. 
Алынбалы-салынбалы әрлегіш бөлшектерді материал жолағына 
өңделген жиектермен немесе негізгі бөлшектің түймесіне 
салынатын жиектелген ілгектермен сырып тігеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет