141
3.1 - к е с т е
Сараптамалық жүйелерді әзірлеу кезеңдері
Кезең
Жұмыстардың құрамы
Сəйкестендіру
Жүйені, оның
функцияларын
əзірлеу мақсатын
айқындау, əзірлеушілер ұжымын құру
Тұжырымдамалау Мəндік саланың моделін құру, фактілерді,
фактілер
арасындағы өзара байланыстарды
айқындау.
Фактілерден қорытындылар алу қағидаларын белгілеу.
Білімді ұсыну жəне нəтижелерін алу əдістерін талдау
Нысандандыру
Фактілерді, өзара байланыстарды жəне белгілі бір
формалды тілде қорытындыларды алу қағидаларын
сипаттау. Жүйенің білім қорын жобалау
Орындау
Сараптамалық жүйенің жұмыстық түптұлғасын құру
Тестілеу
Құрылған жүйенің бақыланатын үлгілерді іріктеу
жəне орындау, кемшіліктерін айқындау
Тəжірибелі
пайдалану
Жүйені тапсырыс берушіге беру. Жүйенің Тапсырыс
берушінің қажеттіліктерін шешу үшін
жарамдылығын
Жұмыстар реттілігі жүйені тəжірибелі пайдаланумен аяқталады. Осы
кезең аяқталған соң жүйені бұдан əрі пайдалану жарамдылығы туралы
қорытынды жасалады.
Нəтижені бағалаудың өлшемшарттары ретінде
[12]: жүйемен табиғи тілде өзара əрекеттесу мүмкіндігі; бейімделу
мүмкіндігі – жүйенің нақты пайдаланушыға бейімделуі; жүйенің
пайдаланушылар тарапынан қателерге төзімділігі қабылданады.
Жұйені жұмыстық пайдалану үдерісінде оны мынандай түрлендіру
жүргізіледі. Сараптамалық жүйелерді түрлендірген
кезде білім қоры
құрылымына өзгерістер енгізіледі. Білім қоры жаңа фактілермен,
қағидалармен толықтырылады.
Пайдаланушылардың сурау салуларын өңдеуді қисынды процессор
орындайды. Шешімді іздестіру екі жолмен жүзеге асырылуы мүмкін:
1)
жүйенің сұрау салуы бойынша белгілі бір деректер жинағы
енгізіледі, жүйе енгізілген жинақты талдайды жəне пайдаланушыға
қорытындыны береді;
2)
жүйенің сұрау салуы бойынша
пайдаланушы белгілі бір
пайымдауын енгізеді, жүйе фактілерді – осы пайымдауға сəйкес келетін
деректерді іздестіруді орындайды.
Білім қоры жүйенің негізгі элементі болып табылады. Оны құру
үшін түрлі тəсілдемелер пайдаланылуы мүмкін.
Білімді
нысандандырудың жақсы əдістерінің бірі
өнімділік моделі болып
табылады
, ол мəндік саладағы фактілерді жəне олар арасындағы
байланыстарды «ЕГЕР..., ОНДА» қағидасы бойынша белгілеуді
142
Факт үлгісі: ИСТРА АҚ 10 бірл. тауарды жеткізуді орындады.
БАСТАМА тілінде факт мына түрде жазылады
көздейді.
Қағидалар фактілер арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды
айқындауға мүмкіндік береді.
Өнімділік моделі БАСТАМА қисынды
бағдарламалау тілінде іске
асырылған. БАСТАМА тілінің негізгі ұғымдары фактілер мен
қағидалар болып табылады.
Факт мəндік саладағы объектілер, оқиғалар арасындағы қандай да
бір байланысты тіркейді. Факт предикат түрінде рəсімделеді.
Баяндауыштың жалпы түрі
БайланысАтауы (А1, А2)
онда
A1, A2
— предикаттың дəлелдері.
Предикат нүктемен аяқталуы мүмкін. Предикат мына схема
бойынша оқылады:
A1 БайланысАтауы A2
Жеткізілді(«ИСТРААҚ»,10).
Таңбалық
деректер предикатта тырнақшаға алынады.
Фактілер жиынтығы мəндік саладағы
байланыстар моделін құрады.
Фактілермен жұмыс істеу үшін
айнымалы шамалар механизмі
пайдаланылады. Айнымалы шамалар үлкен əріптен басталуы тиіс. Әр
айнымалы шамаға предикат дəлелінің белгілі бір мағынасы беріледі.
Мысалы, жеткізілімдердің сипаттамасы бар:
Жеткізілді("ИСТРААҚ",10).
Жеткізілді("ВОСТОКАҚ",20).
Жеткізілді("ИВОЛГААҚ",100).
Мəндік саланы сипаттауға жүгіну үшін сұрау салуды құру қажет.
Сұрау салу «?» таңбасынан басталады жəне айнымалы шамалары бар
предикат болып табылады. Барлық жеткізушілердің тізімін алу үшін
предикатты пайдалану талап етіледі:
? Жеткізілді
(Жеткізуші, _).
«_» таңбасы мынаны білдіреді: ақпаратты іздестірген кезде
мағынаға назар салмау.
«Жеткізуші» айнымалы шамасына «Жеткізілді» предикатының
бірінші дəлелінен əртүрлі мағыналар берілетін болады.
Сұрау салуды орындау нəтижесінде мынандай нəтиже алынады:
Жеткізуші
Жеткізуші
Жеткізуші
ИСТРААҚ.
ВОСТОКАҚ
ИВОЛГААҚ.
143
Сұрау салуды орындаған кезде ақпаратты іріктеу шартын қоюға жол
беріледі. Шарттарды жасау үшін қатынас
операцияларының шартты
белгілері пайдаланылады <(кем), >(артық), < = (кем немесе тең), > =
(артық немесе тең), <>(тең емес), = (тең). Байлам ретінде сұрау салуларда
«,»
(ЖӘНЕ
байламы),
«;»
(НЕМЕСЕ
байламы)
таңбалары
пайдаланылады.
Мысалы:
? Жеткізілді
(Жеткізуші,Саны),Саны<100.
Нəтижесінде бірінші екі жеткізуші туралы ақпарат шығарылады.
Мəндік сала туралы «білім» алу үшін тек фактілерді тіркеу жеткіліксіз
болады,
фактілерді өңдеу қағидаларын тіркеу талап етіледі.
БАСТАМА
тілінде қағидалар предикаттарды «:-» (ЕГЕР) байламы
арқылы біріктіру жолымен құрылады:
Предикат1(<дəлелдер>):- Предикат2(<дəлелдер>).
Қағида нүктемен аяқталады. Қисынды шығару процессоры қағиданың
оң жағын өңдуді орындайды, егер өңдеу «ШЫНДЫҚ» нəтижесін берсе,
қағиданың ол жағын өңдеу орындалады. Сол жақ бөлігі
басты, ал оң жағы
–
артқы деп аталады
Мысалы, бөлімдердің түрлі басшыларға бағыныштылығы туралы
ақпарат бар (3.2-кесте).
«Өткізу» жəне «Маркетинг» бөлімдерін бір тұлға басқарады. Осы
фактті тіркеу үшін предикаттар мен қағидаларды енгізу қажет:
Басқарады ("Иванов И.С","қойма").
Басқарады ("Петров О.И", "өткізу").
Басқарады (Тұлға, "маркетинг"):-
Басқарады (Тұлға, "Өткізу").
Сұрау салу орындалғаннан кейін:
? Басқарады (Тұлға, Бөлім)
3.2 - кесте
Достарыңызбен бөлісу: