46
жопсарла, орындау жəне бақылау; тексеру жəне бағалау; жұмыстарды
анықтау.
Ифрақұрылымды құру үдерісі басқа үдерісті іске асыру үшін
қажетті ортаны қалыптастыру үшін пайдаланылады. Бұл ретте
инфрақұрылым деп техникалық жəне бағдарламалық құралдарды,
аспаптық құралдарды, жəне жүйені əзірлеу, пайдалану немесе
сүйемелдеу əдістемелерді, стандартарды жəне шарттарды қамтитын
объекті түсініледі.
Инфрақұрылымды құру үдерісі барысында мынандай жұмыстар
орындалады: үдерісті дайындау, инфрақұрылымды құру жəне
сүйемелдеу.
Жетілдіру үдерісі жүйенің өмір циклінің кез келген үдерісін
бағалауға, бақылауға жəне жақсартуға арналған. Бұл ретте үдерісті
құру, бағалау жəне жетілдіру үдерісін жүзеге асырады.
Оқыту үдерісі тапсырыс берушінің персоналын құрылған жүйені
пайдалануға жəне оған қызмет көрсетуге оқыту үшін пайдаланылады.
Өз кезегінде əзірлеушінің персоналы жаңа жүйені құруға дайын болуы
тиіс. Бұл ретте жаңа бағдарламалық жəне аппараттық құралдарды
пайдалану технологиясын зерделеу қажет. Осы үдерістің құрамында
мынандай
жұмыстар
белгіленеді:
үдерісті
дайындау,
оқу
материалдарын əзірлеу, оқу жоспарларын іске асыру.
Достарыңызбен бөлісу: