86
3) ұйымдастырушылық
процестер (жобаларды басқару,
жобаның инфрақұрылымын жасау, жетілдіру, оқыту).
Аталған топтардың әрқайсысын толығырақ қарайық.
3.3.1.
Өмірлік циклдің негізгі процестері
Бағдарламалық қамтамасыз етудің өмірлік циклінің бес негізгі
процесін ажыратады. Әр процесс оларды шешудің белгілі бір
міндеттері мен әдістерімен, бастапқы деректермен және
нәтижелермен сипатталады. Процестің негізгі қатысушысы деп
бағдарламалық
бұйымды
әзірлеуді,
пайдалануды
немесе
сүйемелдеуді бастама жасайтын немесе орындайтын тарап
түсініледі. Бұл сатып алушы, өнім беруші, әзірлеуші, пайдалану
қызметкерлері және бағдарламалық бұйымдарды сүйемелдеу
қызметкерлері.
Сатып алу процесі ақпараттық жүйені сатып алатын сатып
алушы-кәсіпорынның әрекеттерін анықтайды.
Жеткізу процесі сатып алушыны ақпараттық жүйемен
жабдықтайтын жеткізуші-кәсіпорынның әрекеттерін анықтайды.
Әзірлеу процесі әзірлеуші-кәсіпорынның әрекеттерін анықтайды,
оған стратегиялық жоспарлау, талдау, жобалау және іске асыру
(бағдарламалау) енеді, яғни берілген талаптарға сәйкес ақпараттық
қамтамасыз етуді және оның құрамдастарын жасау бойынша
барлық жұмыстар енеді. Бұған қоса жобалау және пайдалану
құжаттамасын рәсімдеуді, әзірленген бағдарламалық өнімді тестілеу
мен қызметкерлерді оқыту үшін қажетті материалдарды
дайындауды қосамыз. Әзірлеу ақпараттық жүйе өмірлік циклінің ең
маңызды процестерінің бірі болып табылады.
Пайдалану
процесі
пайдаланушылардың
мүдделерінде
ақпараттық жүйенің қызмет етуі процесінде оған қызмет көрсетуді
қамтамасыз ететін қызметкерлердің әрекеттерін анықтайды. Негізгі
пайдалану жұмыстарына пайдалануды, мәселелерді оқшаулауды
және олардың пайда болу себептерін жоюды, бағдарламалық
қамтамасыз етуді түрлендіруді, жүйені жетілдіру бойынша
ұсыныстарды дайындауды, жүйені дамыту мен жаңғыртуды қосады.
Пайдалану процесіне деректер базалары мен пайдаланушылардың
жұмыс
орындарын
конфигурациялау,
пайдаланушыларды
пайдалану құжаттамасымен қамтамасыз ету, қызметкерлерді оқыту
енеді.
Сүйемелдеу процесі бағдарламалық өнімді сүйемелдеуді
қамтамасыз ететін қызметкерлердің әрекеттерін анықтайды, бұл
бағдарламалық өнімнің түрлендірулерін басқаруды, оның ағымдағы
күйі мен функционалдық жарамдылығын қолдауды білдіріп, оған
жүйенің бағдарламалық қамтамасыз етуін орнату және жою енеді.
Сүйемелдеу – ақпараттық жүйенің бағдарламалық қамтамасыз
87
етуінің жаңа нұсқаларын шығару және енгізу процесі. Жаңа
нұсқаларын шығарудың себебі болып мыналар болуы мүмкін:
— алдыңғы нұсқаларды пайдалану процесінде айқындалған
қателерді түзету қажеттілігі;
— алдыңғы
нұсқаларды жетілдіру қажеттілігі, мысалы,
интерфейсті жақсарту немесе орындалатын функциялардың
құрамын кеңейту;
— қызмет ету ортасын өзгерту, мысалы, жаңа техникалық
құралдардың және/немесе бағдарламалық өнімдердің пайда болуы.
Сүйемелдеу процесінде бағдарламалық қамтамасыз етуге
қажетті өзгерістерді енгізеді, олар өмірлік циклдің кез келген
кезеңінде қабылданған жобалау шешімдерін қайта қарауды талап
етуі мүмкін. Ақпараттық жүйе өмірлік циклінің шиыршықты
үлгісінде сүйемелдеу кезеңінің рөлі едәуір өскен, өйткені қазір
өнімдер итеративті жасалады: алдымен салыстырмалы қарапайым
нұсқасы, содан кейін мүмкіндіктері көбірек келесі нұсқа, содан
кейін келесісі және т.б. шығарылады. Сүйемелдеу кезеңін ISO/IES
12207 стандартына сәйкес өмірлік циклдің жеке процесіне бөліп
шығаруға осы себеп болды.
Кез келген корпоративті ақпараттық жүйенің өмірінде
техникалық қолдау қызметтері маңызды рөл ойнайды. Ақпараттық
жүйені пайдалану кезеңінде білікті техникалық қызмет етудің бар
болуы оның алдына қойылған міндеттерді шешудің қажетті шарты
болып табылады және қызмет көрсететін қызметкерлердің қателері
ақпараттық жүйенің құнымен салыстырылатын айқын немесе
жасырын қаржылық шығасыларға әкелуі мүмкін. Ақпараттық
жүйеге техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыруға дайындық
кезіндегі негізгі әрекеттер мыналар болып табылады:
— жүйенің ең жауапты тораптарын бөліп шығару және тұрып
қалудың сыншылдығын анықтау (бұл ақпараттық жүйенің ең
сыншыл құрамдастарын бөлуге және техникалық қызмет көрсету
үшін ресурстарды бөлуді оңтайландыруға мүмкіндік береді;
— техникалық қызмет етудің міндеттерін анықтау және оларды
қызмет көрсетуші бөлімше күшімен шешілетін ішкі міндеттерге
және мамандандырылған сервистік ұйымдармен шешілетін сыртқы
міндеттерге бөлу (осылайша, орындалатын функциялар шеңберін
нақты айқындау және жауапкершілікті бөлу жүргізіледі);
— сипатталған міндеттер мен құзыреттілікті бөлу шегінде
техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру үшін қажетті ішкі және
сыртқы ресурстарды талдауды өткізу (талдауға арналған негізгі
өлшемшарттар: жабдыққа кепілдеменің бар болуы, жөндеу
қорының күйі, қызметкерлердің біліктілігі);
— техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру жоспарын
дайындау, онда орындалатын әрекеттердің кезеңдерін, оларды
орындау мерзімін, кезеңдердегі шығындарды, орындаушылардың
88
жауапкершілігін анықтау қажет.
Ақпараттық жүйенің сапалы техникалық қызмет көрсетуін
қамтамасыз ету әкімшілендірудің күнделікті міндеттерін шешуге
қабілетті, сондай-ақ іркілікс кезінде жүйенің жұмысқа қабілеттілігін
жылдам
қалпына
келтіруге
қабілетті
біліктілігі
жоғары
мамандардың тартылуын талап етеді.
Достарыңызбен бөлісу: