90
Жобаның сапасын қамтамасыз ету ақпараттық жүйенің
құрамдастарын анықтау, тексеру және тестілеу мәселелерімен
байланысты. Анықтау – осы кезеңде қол жеткізілген әзірлеудің
ағымдағы күйінің осы кезеңнің талаптарына
сәйкестігін анықтау
процесі. Тексеру – әзірлеу параметрлерінің
бастапқы талаптарға
сәйкестігін анықтау процесі. Тексеру іс жүзіндегі және күтілген
нәтижелер арасындағы айырмашылықтарды анықтау және
ақпараттық жүйенің сипаттамаларын бастапқы талаптарға
сәйкестігін бағалау үшін өткізелетін тестілеуге ішінара сәйкес
келеді.
Басқару инфрақұрылымын құру процесі технологияны,
стандарттар мен аспаптық құралдарды
таңдау мен қолдауды
(сүйемелдеуді), АЖ бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу,
пайдалану немесе сүйемелдеу үшін пайдаланылатын аппараттық
және бағдарламалық құралдарды таңдау мен орнатуды қамтиды. Өз
кезегінде, инфрақұрылым конфигурацияны
басқару объектілерінің
бірі болып табылады.
Жетілдіру процесі өмірлік цикл процестерін бағалауды, өлшеуді,
бақылауды және жаңғыртуды көздейді. Соңғысы пайдаланылатын
технологияны,
басқару әдістерін, аспаптық құралдарды таңдау мен
қызметкерлерді оқытуды жетілдіру есебінен оларға қатысатын
барлық мамандардың еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған.
Жетілдіру әр процестің артықшылықтары мен кемшіліктерін
талдауға негізделеді. Оқыту процесі
бастапқы оқытуды және
қызметкерлер біліктілігін кейінгі тұрақты арттыруды қамтиды.
Достарыңызбен бөлісу: