91
9.
Шиыршықты үлгінің қағидатты ерекшеліктері қандай?
10.
Шиыршықты үлгінің басым жақтары мен кемшіліктері
қандай?
92
4 Т А Р А У
АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДІ ҮЛГІЛЕУ
4.1. Пән саласының үлгісі ұғымы
Пән саласының үлгісі деп зерттелініп
жатқан пән саласының
құрылымын немесе қызмет етуін ұқсататын және осы салада
адекватты болу деген басты талапқа жауап беретін кейбір жүйе
түсініледі. Үлгі кәсіпорын жұмысының барлық аспектілерін
көрсетіп, ақпараттық жүйе өмірлік циклінің барлық кезеңдерінде
қажетті болуы тиіс. Бірақ пән саласының үлгілері
оны жасауда
болашақ ақпараттық жүйеге қойылатын талаптарды құру сатысында
ерекше рөл ойнайды.
Пән саласын алдын ала үлгілеу жобалау жұмыстарын жүргізу
уақыты мен мерзімін қысқартуға және анағұрлым тиімді және
сапалы жобаны алуға мүмкіндік береді. Пән саласын үлгілеуді
жүргізусіз стратегиялық мәселелерді шешудегі экономикалық
шығындарға және жүйені кейінгі қайта жобалаудағы жоғары
шығасыларға әкелетін қателердің көп
санын жіберу ықтималдығы
жоғары. Пән саласы үлгісіне мынадай талаптар қойылады:
— пән саласының құрылымын бірмәнді сипаттауды қамтамасыз
ететін формальдау;
— үлгіні көрсетудің графикалық құралдарын қолдану негізінде
тапсырыс берушілер мен әзірлеушілер үшін түсініктілігі;
— АЖ пән саласы үлгісін нақты іске асыру құралдарының бар
болуын ұйғаратын іске асырылғыштығы;
— белгіленген әдістер мен есептелетін көрсеткіштер негізінде
пән саласы үлгісін іске асыру тиімділігін бағалау мүмкіндігін
қамтамасыз ету.
Санамаланған талаптарды іске асыру үшін мынадай үлгі жүйесін
құру қажет:
— пән саласының процестерде өзара
әрекет ететін материалды
және ақпараттық объектілерінің құрамын көрсететін объектіні үлгі;
— процестердегі
объектілердің
түрленуі
бойынша
функциялардың (әрекеттердің) өзара байланысын көрсететін
функционалды үлгі;
— процестерді орындауға әсер ететін оқиғалар мен бизнес-
ережелерді көрсететін басқару үлгісі;
— процестердегі кәсіпорынның ұйымдастырушы бірліктері мен
93
қызметкерлердің өзара әрекеттесуін көрсететін ұйымдастырушылық
үлгі (құрылым);
— техникалық құралдар кешеңінің
орналасу топологиясы мен
коммуникация тәсілдерін сипаттайтын техникалық үлгі.
Пән саласы үлгісінің барабарлығының басты өлшемшарты
әзірленетін АЖ функционалдық толықтығында.
Үлгілеумен жобалау шешімдерін ұсыну тілін таңдау мәселесі
тікелей байланысты. Үлгілеу тілі – жобаларды сипаттау үшін
пайдаланылатын
графикалық
нотация.
Нотация
үлгіде
пайдаланылатын графикалық объектілердің жиынтығы түрінде
болып, үлгілеу тілінің синтаксисі болып табылады. Үлгілеу тілі, бір
жағынан, жобалаушылардың тілін пайдаланушыға түсінікті етуі
тиіс, екінші жағынан, жобалаушыларға тұтас жүйені құрайтын
бағдарламалық кешеңдер түрінде іске асырылуға жататын жобалау
шешімдерін жеткілікті формальданған
және бір мәнді анықтау
құралдарын ұсынуы тиіс.
Әдетте, үлгілер үш деңгейде –сыртқы (талаптарды айқындау),
тұжырымдамалық (талаптарды ерекшелеу), ішкі (талаптарды іске
асыру) құрылады.
Осымен, сыртқы деңгейде үлгі «Жүйе не істеуі тиіс?» деген
сұраққа жауап береді, яғни жүйенің негізгі құрамдастарының
құрамы
анықталады:
объектілер,
функциялар,
оқиғалар,
ұйымдастырушылық
бірліктер,
техникалық
құралдар.
Тұжырымдамалық деңгейде үлгі «Жүйе қалай жұмыс істеуі тиіс?»
деген сұраққа жауап береді.
Басқаша айтқанда, жүйе
құрамдастарының өзара әрекеттесу сипаты анықталады. Ішкі
деңгейде үлгі «Жүйеге қойылатын талаптар қандай бағдарламалық-
техникалық құралдардың көмегімен жүзеге асырылады?» деген
сұраққа жауап береді. АЖ өмірлік циклі тұрғысынан үлгілердің
сипатталған деңгейлері талаптарды талдау, техникалық және жұмыс
жобалау кезеңдеріне құрылады.
Үлкен және күрделі ақпараттық жүйелермен жұмыста күрделілік
басты мәселе болып табылады. Ешбір әзірлеуші бүкіл жүйені толық
түсінуге қабілетті емес, өйткені бұл адам мүмкіндіктерінен тыс.
Осы мәселені шешудегі жалғыз тиімді
тәсілдеме әрқайсысы өз
кезегінде шағын көлемді бөліктерден құрылатын ірі бөліктердің
шағын көлемінен күрделі жүйені құру болып табылады. Процесс ең
шағын бөліктер қабылдау мен түсіну үшін қолжетімді болғанға
дейін жалғастырылады. Бұл күрделі бағдарламалық жүйені шағын
қосалқы жүйелерге бөліп, оларды бір-бірінен тәуелсіз қарастыру