Оқулық Қ.ӘБішев g è t э а І философия жоғары оқу орындары студенттері



Pdf көрінісі
бет62/128
Дата27.10.2022
өлшемі8,52 Mb.
#45622
түріОқулық
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   128
Рейхенбах Г.
Направление времени. М., 1958. С.35-41.
148


Қауымдық өмірдің осы ерекшелігінің негізінде адамдардың қан- 
дай негізгі құндылыққа ұмтылатындығы жатыр. Ол рулық-тайпалық 
қауымдасу, яғни қауымдасудың негізінде бір ата-аналардан тараған 
адамдардың бірлігі жатыр. Бүл олардың тіршілік етуінің негізгі жолы. 
Яғни олар үшін бүл түпкі қүндылық. Бүкіл әлемнің күрылу прин- 
ципін де ру қоғамының адамы туыстық бірліктен көреді. Сондықтан 
да ежелгі түркі қауымы үшін Аспан (Тәңірі) - әке, ата, ал жер (Үмай)
- ана. Әрбір үрпақ үшін аталардың орнатқан тәртіптері, нормалары 
қасиетті. Оларды әрбір жаңа үрпак бүлжытпай қайталап, іске асырып 
отыруы қажет.
Бүл қоғам, яғни, жаңа нәрсеге үмтылмайды. Келешек олар үшін 
өмірді өзгертуге, жаңа қатынастарды енгізуге әкелмеу керек, келе­
шек, ол - бүрынғыға үнемі қайтып оралу, соған күш салу. Өткен 
дәуір, яғни аталар дәуірі, ол - алтын ғасыр, ол - өмірдің айнымас 
эталоны, үлгісі. Жетілгендіктің, жақсылықтың бәрі де өткенде қал- 
ды, сондықтан адамдар әрбір ісін, ойын өткеннің таразысымен өлшеп, 
соның козімен қарап, озін сонымен бірлікке жеткізуге тырысуы тиіс. 
Әрине, адамдардың күнкөріс әрекеттері, халықтың өсіп-өнуі т.б. 
озгеріс туғызбай қоймайды, сөйтіп бүрынғы қатынастарды ыдыра- 
тып, әлсіретеді, жаңа қатынастар келіп жатады. Бірақ олардың түпкі 
үмтылыстары бүрынғыдай, яғни уақыттың жүрісі айналмалы. Онда 
өткен де, бүгін де, келешек те бар, бірақ уақыттың негізгі ағымы 
үнемі өткенге қайтып оралу. Мүнда бүгіннің өзі - өткеннің бүгіні, ал 
келеш ек немесе ертең-кешегіге неғүрлым жақындау. Бір сөзбен 
айтқанда бүл қауымдық адамның әлеуметтік-рухани кеңістігі, себебі 
адамдардың дамуы үшін уақьгг кеңістік ролін атқарады, адам уақыт- 
тың шеңберінде дамиды.
XVII-XVIII ғасырларда басталған Жаңа дәуірдің уақыт ағымы 
соншалықты басқаша болғандығынан қауымдық цивилизацияны зерт- 
теген осы жаңа заманның көптеген ойшылдары оның іітткі логика- 
сын әуелде түсіне алмаған (мысалы, Леви-Брюль т.б.). Уақыттың 
ақылға сиымсыздай корінетін қайшылықтарына кейбір ойшылдар оны 
бір түсінуі соншалықты қиын метафизикалық жүмбақ деп есептеген.
Қауымдық дәуірдің ішкі динамикасы, негізгі қүндылығы өткен- 
де болса, Жаңа дәуірде ол күндылық келешекте корінеді. Бүл дәуірдің 
адамдары үнемі дерлік алға үмтылуды ертеңге үмтылу деп біледі. 
Дәлірек айтсақ, ертең деп олар кешегіні немесе бүгінгіні ертең деп 
сақтап, нығайта түсуді емес, орныққан қалыптан оның озгерген қал- 
пына қарай үмтылуды түсінеді. Бүл көбінесе адамдардың санасында 
толық айқындалған, олардың өздеріне анық қойған мақсатынан көрі, 
өздері де біле бермейтін, кейде тіпті сезіне де бермейтін үмтылыста- 
ры. Бүл үмтылыстар коп жағдайда бейсаналық қалыпта.
149


Әлеуметтік динамикада алға шыққан бірінші бағыт - даму. Қогам- 
дық санада ол прогресс деп аталды. Әрине, қоғамда бұған қарама- 
қарсы багыт та бар, бірақ прогресс басты бағыт. Бүл жерде біз про- 
грестің, дамудың әртүрлі концепдияларын баяндап жатпаймыз. Ол 
басқа тақырып. Бүл жерде айтылатын нәрсе уакыттын ағымының 
осыған байланысты өзгеруі. Уақыттың ағымы енді өткеннен бүгін 
арқылы келешекке (ертеңге) жьшжиды. Керісінше ағым да бар, бірак 
ол осы негізгі багыттың тасасында қалады. Адамдар өткенді, бүгінді 
тек өткінші кезең, ертеңге өтудің тек дайындығы, соған апаратын 
тепкішектердің бірі деп қарайды. Егер бүрын, қауымдық омірде бүгін 
мен ертеңнің мәнділігі олардың откенге қатысынан анықталған бол­
са, енді, керісінше, откеннің, кешегінің және бүгінгінің мәні олар- 
дың келешекке, ертеңге катыстылығына байланысты. Уақыттың ағымы 
оның негізгі багыты жағынан қарағанда бір түзудің бойымен тар- 
тьшған, оралмайтын әрі қайталанбайтын қозғалыстай. Уақыт орал- 
майды дейтін үғымдар осындай әлеуметтік қозғалыстың туындысы.
Осындай үмтылыстың агымындагы адамдар үшін кешегі мен 
бүгінгінің бағасы әлдеқайда кемиді. Әрине келешектің де бейнесі адам­
дар үшін әртүрлі бола береді. Біреулер үшін ол - баю, екінші біреулер 
үшін - билік, үшінші біреулерге - келешек қоғамдық күрылыс т.т. 
Бүгінгі канагаттандырмайды. Бай үшінде тіпті онан да көрі байи түсу, 
биліктегі үшінде онан да көрі билігін арттыру. Болашақ алаңсыз адамға 
жаттанған нәрсеге айналганда, ол бар нәрселердің бәрін де, ең алды­
мен адамның өзін қүрбандыкқа келтіретін аждаһа сынды сипат ала­
ды. Мүндағы ақылга сиымсыз нәрсе, - әсіресе адамға жаттанған 
кейпінде,- ешбір қол жеткен нәрсе, кеше ғана армандай болған 
жетістік, деңгей т.б., енді адамды канағаттандыра алмайды, ойткені 
ол келешек болмай қалады, ол енді бүгінгіге айналды. Ал шын қүнды- 
лық, бірден бір бағалы нәрсе - келешек. Сондықтан бүгінгіге ай- 
налған келешек өзінің мәнінен де, бағасынан да айрылады. Оның 
ақылға сиымсыздыгы (парадокс) - келешектің айқын бет-бедері жоқ, 
бір абстракцияға айналғандыгы. Келешек, қанша оган үмтылсаң да, 
ешқашан қолға түспейтін бүлдыр сағым болып шығады. Бүл грек 
мифіндегі тигенінің бәрі алтынға айналып кететіндіктен аштан олген 
Мидас патшаны еске түсіреді.
150




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет