Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2


I. Атопия және анафилаксия



Pdf көрінісі
бет197/296
Дата01.11.2022
өлшемі9,99 Mb.
#46641
түріОқулық
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   296
I. Атопия және анафилаксия 
II. Цитотоксикалық (цитолитикалық) серпiлiстер 
III. Иммундық кешен аурулары 
IV. Жоғары сезiмталдықтың жасушалық механизмдерi (БЖС). 
Бұл механизмдер аллергиялық және аутоиммундық аурулардың 
патогенезiнiң негiзiнде жатыр.
Аллергиялық серпiлiстер бұл антигенге гиперэргиялы иммундық 
жауап болып табылады, бұл кезде антиген аллерген болып келедi. 
Аллергия дамуының басты себебiнде маңызды орын алатын – Т-
лимфоциттердiң хелперлiк және супрессорлық субпопуляцияларының 
арасындағы тепе-теңсiздiк ағзаға енген антигенге иммундық жауаптың 
реттелуiнiң бұзылуына содан гиперэргиялық иммундық жауаптың 
дамуына соқтырады. Бiр адамға белгiлi бiр антиген, антиген болып 
табылады, ол иммундық жауапты қалыпты деңгейде қалыптастырады 
(ағзаға түскен антиген мөлшерiне сәйкес), ал басқа адамға сол антиген 
аллерген болуы мүмкiн.
Жоғары сезiмталдықтың аталған барлық механизмдерi (бiрiншiден 
басқа) аутоиммундық аурулар даму патогенезiне қатысады. 
Аутоиммундық аурулар иммундық төзімділік механизмдерiнiң 
бұзылысы нәтижесiнде пайда болады, бұл кезде иммундық төзімділіктің 
орталық та, шеткi де механизмдерi бұзылады. Аутоиммундық үрдiстер 
ағзаның өзiнiң антигендерiне қарсы иммундық жауаптың (антидене 
түзiлуi немесе жасушалық серпiлiстер) болуымен сипатталады. 
I түрі. Атопия және анафилаксия 
1923 жылы A.F. Coca және R.A. Cook аллергиялық серпiлiстiң жедел 
түрiн суреттеу үшiн «атопия» (грек сөзiнен “atopos”-өзгеше, басқаша) 
терминiн енгiзген. 
Қазiргi кезде атопия деп - түрлi аллергендерге жасушаларға 
цитофилді иммуноглобулиндердiң, ең алдымен IgE, шамадан тыс 
артық өндiретiн генетикалық қабiлеттi түсiнедi.
Ағзаға аллерген қай жолмен түссе де атопиялық аллергиялық 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   296




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет