Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2



Pdf көрінісі
бет205/296
Дата01.11.2022
өлшемі9,99 Mb.
#46641
түріОқулық
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   296
Простагландин 
Е2 
шырыштың 
бөлінуін 
белсендіреді, 
қан 
тамырлардың кеңейтеді.
Простагландин D2 қан тамырдың өткiзгiштiгiн жоғарылатады
бронхоспазм, тромбоциттердiң агрегациясын шақырады. 
Эозинофилдердiң түйiршiктерiндегi басқа бiр маңызды медиаторлар 
тобы нәруыздық қосылыстар болып табылады:

эозинофилдердiң негiзгi нәруыздары, ол ісік жасушаларына және 
гельминттерге уытты әсер етедi және де мес жасушаларын белсендiредi

сонымен бiрге эозинофилдердiң катиондық нәруыздары және күштi 
нейротоксин болып табылатын эозинофилдiк Х нәруыз олардың 
түйiршiктерiнен шығады.
Эозинофилдердiң түйiршiктерiнде солармен қатар, көптеген  
ферменттер жиынтығы болады. Жоғарыда аталған гистаминазадан 
басқа, онда коллагеназа, пероксидаза, фосфолипаза, глюкуронидаза бар. 
Осы және басқа ферменттер аллергиялық жауап кезiнде мес жасушасының 
өнiмдерiн бейтараптап және жасуша қалдықтарын жоюға көмектеседi.
Эозинофилдер бiр қатар цитокиндердi (ИЛ-1, ИЛ-2, ИЛ-3, ИЛ-4, 
ИЛ-5, ИЛ-6, ИЛ-8, ИЛ-10, ИЛ-16, TNF-, т.б.) түзетiнi және сыртқа ортаға 
бөлiп шығаратыны анықталған. Осы цитокиндер қабыну ошағында 
орналасқан жасушаларға алуан түрлі әсер көрсетеді. Цитокиндердің iшiнен 
өзiне назар аудартатыны: 


219 

 қабыну алды цитокиндерi ИЛ-1, TNF-

; 

ИЛ-3 және ИЛ-5, эозинофилдердiң түзiлуiн керi байланыс бойынша 
өзiн-өзi реттейдi және олардың қызметiн әрі қарай белсендiредi.
Соңғы кезде атопиялық аллергия патогенезiнде эозинофилдер 
бөлетiн нейропептидтердiң (VIP-вазобелсендi iшектiк пептид және Р-
заты) маңызды рөл атқаратыны көрсетiлген. Бұл нейропептидтер 
бронхоспазм, қан тамырдың кеңеюін шақырады, мес жасушаларының 
дегрануляциясын және шырыштың бөлінуін күшейтеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   296




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет