Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2



Pdf көрінісі
бет198/296
Дата01.11.2022
өлшемі9,99 Mb.
#46641
түріОқулық
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   296
серпiлiстер дамитыны анықталған. 
Атопияның 
клиникалық 
мысалдарына: 
атопиялық 
(немесе 
жұқпалы емес аллергиялық) бронх демiкпесi, есекжем және басқа да 
атопиялық 
дерматиттер, 
Квинке 
iсiнуi, 
поллиноздар, 
атопиялық 
энтериттер, риниттер мен конъюнктивиттер жатады. 
Атопияға 
айқын 
тұқымқуалауға 
бейiмдiлiк 
тән 
екендiгi 
дәлелденген. Егер аллергиямен ата-анасының екеуi де ауырса, балалары 
50% жағдайда аллергиямен ауруы мүмкiн, ал егер ата-анасының тек 


214 
бiреуiнде ғана болса мүмкiндiк шамамен 30% болатыны анықталған. 
Отбасылар мен егiздердi тексеру жұмыстары, IgE жалпы деңгейi ағзада 
генетикалық факторлармен анықталатынын айқын көрсетiп отыр. IgE-нiң 
түзiлуi Тх2 және оның бөлетiн цитокиндерiмен тудыратындығынан, 5-шi 
хромосомада орналасқан ИЛ-4, ИЛ-5, ИЛ-10 гендер тобы (кластер) 
аймағындағы генетикалық маркерлерiмен, IgE жалпы деңгейi және
атопиямен ауыратын науқастардағы арнайы IgE мөлшерiмен байланыс 
болу керек. Бiрнеше зерттеулерде бұл байланыстың болуы анықталған. 
IgE-нiң шамадан тыс артық мөлшерi HLA жүйесiнiң белгiлi бiр 
антигендерiмен байланысы бар екендiгi анықталды. Мысалы, 90%-дан 
астам амброзия аллергенiне IgE деңгейiнiң көп түзiлуiмен жауап 
қайтаратындар HLA-Dw2 антигендерi бар адамдар. Полиаллергиясы бар 
науқастарда HLA-В8 және HLA-Dw3 антигенi жиi кездесетiнi көрсетiлген, 
әсiресе HLA-В8 антигенi бар адамдарда жалпы және арнайы IgE деңгейi 
жоғары болады. 
Атопияның даму патогенезiнiң негiзiнде Тх2 шамадан тыс көп 
мөлшерде өндiрілуi жатыр. Бұл құбылыстың себебi толық анықталмаған, 
алайда жетiлмеген Т-хелпер (Tx0) жасушалардың антигенді танушы 
рецепторлар, тiн үйлесiмдiлiктiң үлкен кешенiнiң нәруыздары мен 
аллергеннiң арасындағы әрекеттесу ерекшелiктерi маңызды орын алады.
Атопиялық отбасы мүшелерiне белгiлi антигендермен байланысудан 
кейiн Тх2 нақтылану нәтижесiнде IgE түзiлуiмен жауап беру қабiлетi тән
ал басқа адамдарда ол антигендер Тх1/Тх2 шарттық тепе-теңдiгiнде әдеттi 
иммундық жауап тудырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   296




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет