Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2


Рецепторлары МНС-дің меншiктi нәруыздарына сәйкес келмейтін



Pdf көрінісі
бет94/296
Дата01.11.2022
өлшемі9,99 Mb.
#46641
түріОқулық
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   296
Рецепторлары МНС-дің меншiктi нәруыздарына сәйкес келмейтін 
клондар (олардың саны басымырақ) апоптоз (жасушалардың жоспар 
бойынша жойылуы) нәтижесiнде жойылады. Тек МНС-дің меншiктi 
нәруыздарына сай рецепторлары бар клондар сақталады. Бұл Т-
лимфоциттер керектi дифференцировка белгiсiн алғандықтан апоптозға 
ұшырамайды және ары қарай даму сатысына өтедi. Сонымен, өзiнiң 
организмiнде жұмыс iстеуге қабiлетi бар (МНС-рестрикция) Т-
лимфоциттер клондарының сұрыпталуы өтедi. 
Бұл үрдіс оң сұрыпталу деп аталады. Оң сұрыпталудан кейiн 
кортикалды тимоциттердiң шамамен 5% қалады, олар кортикомедуллярлы 
аймақ арқылы тимустың милы қабатына жылжиды.
Аталған жасушалардың әрқайсысының немесе I класс МНС 
нәруыздарымен, немесе II класс МНС нәруыздарымен әсерлесуге қабiлетi 
бар. Оң сұрыпталу үрдісі кезiнде I класс МНС нәруыздарына сәйкестігі бар 
тимоциттер CD8 корецепторын сақтап қалады, ал CD4 нәруызының 
экспрессиясын тоқтатады. Бұл жасушалар Т-киллерлердiң фенотипiне ие 
болады: CD2
+
3
+
8
+
 (CD8
+
).
II класс МНС нәруыздарына сәйкестігі бар тимоциттер CD4 
корецепторын сақтап қалады, ал CD8 нәруызының экспрессиясын 
тоқтатады. Бұл жасушалар Т-хелперлердiң фенотипiне ие болады 
CD2
+
3
+
4
+
(CD8
+
). Осылайша Т-лимфоциттердiң екi негiзгi функционалды 
субпопуляциялары қалыптасады. 


95 
Тимустың кортикомедуллярлы және милы қабаттарында оң 
сұрыпталудан сақталып қалған Т-лимфоциттердiң клондары бiрқатар 
цитокиндер мен тимикалық гормондардың (ең алдымен тимозин әсерiнен), 
сондай-ақ жасушааралық әсерлесу әсерiнен пiсiп жетiлудiң келесi кезеңiне 
өтедi және терiс сұрыпталу үрдісiне ұшырайды.  
Қалыпты 
жағдайда 
организмнің 
иммундық 
жүйесi 
меншiктi 
(аутологиялық) антигендерге төзiмдi. Соңғы көзқарастар бойынша 
тимустағы терiс сұрыпталу үрдісі нәтижесiнде меншiктi антигендерге 
төзiмдiлiк қалыптасады деп саналады.
Эксперименталды мәлiметтерге сүйене отырып көптеген зерттеушiлер 
келесi тұжырымға келдi: тимустың кортикомедуллярлы және милы 
қабаттарында түзiлген, бiрақ толық жетiлмеген CD4

және CD8

Т-
лимфоциттер организмнiң меншiктi антигендерiн (фагоцитоз бен 
пиноцитоздан кейiнгі тимустың меншiктi жасушаларының ыдыраған 
өнімдері және тимусқа қан арқылы түскен аутологиялық нәруызды 
молекулалар) иммуногендi түрде, яғни I және II класс МНС 
нәруыздарымен комплекс түрінде «ұсынып» тұрған макрофагтармен және 
дендриттi жасушалармен әсерлеседi. Бiрақ, Т-жасушалық рецептор 
көмегімен Т-лимфоциттер аталған антигендердi анықтаған кезде тек 
арнайы белгiнi алады, ал апоптоздан қорғану үшiн, олар екiншi – 
костимулдаушы белгiнi алуы тиiс. Сонымен қатар, тимоциттердiң бетiнде 
Bcl-2 немесе Bcl-XL нәруыздарының экспрессиясы болуы керек, олар 
сәйкес онкогендердiң өнiмдерi болып табылады және жасушаны 
апоптоздан қорғайды. Жетiлмеген тимоциттердiң бетiнде аталған 
нәруыздар және костимулдаушы молекулалар болмағандықтан немесе 
олар өте аз мөлшерде болуы салдарынан меншiктi антигендерімен 
әсерлескен Т-лимфоциттердiң клондары апоптозға ұшырайды. 
Сонымен, жасушааралық әсерлесу (костимулдаушы молекулалармен 
әрекеттесу арқылы) немесе гуморалды өсушi факторлар түрінде қажетті 
белгiлердiң болмауы нәтижесiнде Т-лимфоциттер тимуста пiсiп 
жетiлудiң барлық кезеңдерiнде апоптозға ұшырайды. 
 Клоналды сұрыпталу кезеңдерінде апоптоз керексiз, оң сұрыпталудан 
өтпеген (МНС-рестрикция) және аутореактивтi клондардың (терiс 
сұрыпталу) жойылуында маңызды орын алады. Нәтижесiнде меншiктi 
антигендерге ерекшелiгi жоғары, Т-жасушалық рецепторы бар Т-
лимфоциттер клондарының көпшiлiгi жойылады. Қан айналымына Т-
жасушалық рецептордың «өзiнiң» антигендерiне ұқсастығы жоқ Т-
лимфоциттердiң клондары шығады және сақталады. Бүгінгі күні клоналды 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   296




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет