71
жағдай, көбіне, жарақаттар мен созылмалы қабыну үрдістері кезінде
дамиды.
Комплемент жүйесінің лектинді жолмен активтенуі
Комплемент жүйесін антиденелердің қатысуынсыз кейбір липидтер
мен көмірсулар шақыра алады. Мысалы, манноза. Комплемент
жүйесінің
лектинді
жолмен
активтенуі
маннанбайланыстырушы
лектиннің (MCL - mannose-binding lectin) микробты жасушаның беткей
құрылымдық көмірсуларымен, соның ішінде, манноза қалдықтарымен
байланысуынан басталады.
MCL – коллектиндер тұқымдастығына жатады, олар коллаген тәріздес
аймақтан және лектинді доменнен тұрады. Бұл нәруыз манноза қалдықтарын
көптеген микробты жасуша бетінде байланыстырады. MCL моноциттердың
фагоцитозы үшін микробты жасушаларды опсонизацияға ұшыратады.
Моноциттердің жетілген макрофагтардан айырмашылығы - манноза үшін
меншікті рецептордың болмауы.
MCL жаңа туған нәрестелердің қан сарысуында болады және оның деңгейі
өмірінің алғашқы апталарында ересек адамдардың деңгейіне жетеді. Қан
сарысуындаға MCL деңгейі шамамен 1500 мкг/мл. Аталған нәруыздың мөлшері
қабыну үрдістері кезінде жоғарылайды, сондықтан оны
жедел кезеңдік нәруыз
деп атайды. Маннанбайланстырушы лектин TNF-, ИЛ-1 және ИЛ-6
цитокиндері беретін белгі бойынша бауырда өндіріледі.
Екіншілік құрылысы және қызметтері бойынша MCL С1q
суббірлігіне ұқсас. Микробты жасушамен байланысқан кейін MCL
протеазаны белсендіретін қабілетке ие болады, яғни С4 және С2
компоненттерінің
активтенуі
мен
ыдырауын
шақырады,
оның
салдарынан комплемент жүйесінің активтену серпілістерінің келесі
кезеңдері іске қосылады. Лектинді жолдың одан кейінгі кезеңдері
толығымен комплементтің классикалық жолмен активтенуіне сәйкес
келеді.
Достарыңызбен бөлісу: