Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова



Pdf көрінісі
бет111/459
Дата21.03.2022
өлшемі10,03 Mb.
#28504
түріОқулық
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   459
CR3  және  CR4.  Екі  рецептор  да  мононуклеарлы  фагоцитертерде, 
фолликулярлы және басқа да дендритті жасушаларда, сонымен қатар  NK-
жасушаларында  кездеседі.  Эпителиалды  жасушаларда  CR3  экспрессиясы 
басымырақ.  Екі  рецептор  де  фагоцитозды  ынталандырады,  ал  CR3 
қосымша  жасушалардың  иммундық  жабысуын  қамтамасыз  етеді.  Сондай-
ақ, екі рецептор адгезия молекуласы қызметін атқарады және ICAM-1 мен 
ICAM-2  сәйкес  лигандаларымен  байланысады.  Бұл  жағдай  фагоциттердің 
миграция мен адгезия үрдістерін қамтамасыз ету үшін керек.  
Сонымен, 
мембраналық 
рецепторлар 
комплемент 
жүйесінің 
иммундық  үрдістерде  көптеген  эффекторлық  қызметтерінің  жүзеге  асуын 
қамтамасыз  етеді.  Олар:  фагоциттердің  опсонизациясы,  иммундық 
кешендердің  шығуы,  антигентаныстырушы  жасушалармен  иммундық 
кешен  түріндегі  антигендерді  ұстау,  В-лимфоциттердің  белсенуі  және 
апоптозға ұшыраған жасушалардың элиминациясы.  
Сонымен 
қатар, 
В-лимфоциттердің 
бірқатар 
қызметтері 
комплементтің  рецепторлармен  байланысты.  Мәселен,  құрамында  С3 
компоненті  бар  иммундық  кешендер  В-лимфоциттерге  CR3  рецепторы 
арқылы  әсер  етеді  және  олардың  өсуі  мен  белсенуін  ынталандырады.  В-
лимфоцитердегі  комплементке  арналған  рецептор  осы  жасушалардың 
белсенуі, 
антигендерді 
ұстауы, 
лимфа 
түйіндерінде 
ұрықтық 
орталықтардың  қалыптасуы,  сонымен  қатар  В-зерде  жасушаларының 
сақталуы  үшін  керек.  Тимустәуелді  антигендерге  қарсы  иммундық  жауап 
үрдісі  кезінде  В-лимфоциттерде  осы  рецепторлардың  болуы  оларды 
апоптоздан қорғайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   459




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет