АНТИГЕНТАНЫСТЫРУШЫ ЖАСУШАЛАР
Мононуклеарлы фагоциттер жүйесі. Макрофагтардың қызметтері
мен рецепторлары. Антигентаныстырушы жасушалардың негізгі
75
түрлері.
Макрофагтармен
және
дендритті
жасушалармен
антигендердің өңделуі және таныстырылуы.
Мононуклеарлы фагоциттер жүйесі
Мононуклеарлы фагоциттер жүйесіне шығу тегі, морфологиясы
және қызметтері бойынша біріктірілген шеткері қан моноциттері және
әртүрлі локализициядағы макрофагтар кіреді.
Бүгінгі күні макрофагтардың көптеген иммунологиялық серпілістерге
міндетті түрде қатысатыны анықталған. Осы жасушалардың иммундық
жауапты қалыптастыру, реттеу және жүзеге асырудағы рөліне толығырақ
тоқталсақ.
Ересек адам организмінде сүйек кемігінде моноцитопоэз үнемі
жүреді. Аз жетілген мононуклеарлы фагоциттерге сүйек кемігінің
монобласттары жатады. Олар гранулоцитарлық-моноцитарлық ізашар
жасушаларынан
шығады.
Ал
олар
өз
кезегінде
көп
қабілетті
гемопоэтикалық бағана жасушаларынан өрбиді (12-ші сурет).
Сүйек кемігіндегі моноциттердің өндірілуі бір топ өсу факторларының
бақылауында болады. Интерлейкин-3 (ИЛ-3) пен колониестимулдаушы фактор (ГМ-
КСФ,
М-КСФ)
моноциттердің
ізашарларының
митоздық
белсенділігін
ынталандырады, ал простагландин Е (PGE) мен интерферондар (IFN-α, IFN-β) осы
жасушалардың бөлінуін тежейді.
ИЛ-3 өзінің екінші аты «мульти КСФ» деген атына сәйкес келеді, себебі ол қан
жасаудың барлық бұтақтарын ынталандырады, ГМ-КСФ гранулоциттер мен
макрофагтардың өндірілуін және макрофагтардың қызметін ынталандырады. М-
КСФ мононуклеарлы фагоциттердің арнайы факторы болып есептеледі. Оны сүйек
кемігінің стромалды жасушалары, моноциттер, тіндік макрофагтар, Т-хелперлер,
фибробласттар, эндометрияның эпителиалды жасушалары және басқа да жасушалар
өндіреді. М-КСФ моноциттердің ізашарларының пролиферациясын ынталандырумен
қатар олардың микробицидттік және тумороцидтік белсенділігін ынталандырады.
Сүйек кемігінде түзілген моноциттер бір тәуліктен аз мерзімде шеткері
қанға шығады. Олардың біраз бөлігі сүйек кемігінде қалып резидентті
макрофагтарға айналады. Қабыну кезінде фагоциттеуші жасушалардың
қажеттілігі жоғарылауына байланысты, олармен қамтамасыз ету үшін
моноциттердің
өнімі
күрт
жоғарылайды.
Осыған
байланысты
промоноциттердің жасушалық цикл уақыты қысқарады, олар көбейе
бастайды, ал қанда сәйкесінше моноцитердің саны жоғарылайды. Қабыну
ошағындағы макрофагтармен өндірілетін және бөлінетін қабыну алды
цитокиндері моноцитопоэзды күшейтетін фактор ретінде болады.
Сонымен, моноцитопоэдың реттелуі позитивті кері байланыс арқылы
жүзеге асады.
тін
|