12-ші сурет. Макрофагтардың негізгі дифференцировка кезеңдері (В.Г. Галактионов бойынша, Москва, 1986)
Қанда моноциттер қабырғалық және айналымдық деп бөлінеді.
Олардың ара-қатынасы ауысып отыруы мүмкін. Айналымдағы моноциттер
қан
ағымында
болғандықтан,
қанды
зерттеу
мақсатында
алған
жағдайларда, олар зерттеу үлгілеріне түседі, ал қабырғалық моноциттер
тамырлардың эндотелиіне берік жабысқан және олар тамырлардан
тіндерге
қарай
трансэндотелиалды
миграцияға
дайын
тұрады.
Моноциттердің қаннан тіндерге қарай жылжуы, моноциттер мен
эндотелиалды жасушаларда арнайы адгезия молекулаларының болуымен
түсіндіріледі. Қан тамырынан шыққан моноцит кері қарай айналымға
қайтып келу қабілеті жоқ, сондай-ақ тіндерге қарай миграция үрдісі үнемі
жүреді және ол қабыну кезінде күшейеді, әрі бағытталған сипат алады.
Сәйкес тіндік ортаға түскен моноциттер мүшелік және тіндік
макрофагтарға дифференцацияланады. Мәселен, альвеолярлы, плевралды,
бауырдаң
купфер
жасушалары,
дәнекер
тінінің
гистиоциттері,
остеокластттар, микроглия, лимфа тінінің макрофагтары, қабыну және
некроз ошақтарының макрофагтары.