Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова


-шы сурет. Цитокиндік тордың фрагменті



Pdf көрінісі
бет175/459
Дата21.03.2022
өлшемі10,03 Mb.
#28504
түріОқулық
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   459
Байланысты:
immunologia Shortanbaev- казакша

 
20-шы сурет. Цитокиндік тордың фрагменті 
Цитокиндер  торының  ерекшеліктеріне  өте  жоғары  сенімділік 
жатады,  себебі,  негізгі  әсерлері  артық  деңгейде  қамтамасыз  етіледі: 
иммундық  жүйенің  жасушаларының  қоздырылуы  бұл  жүйенің  қызмет 
етуінің шарты.  
 
Интерлейкиндер 
 
1979 
жылы 
Швейцарияда 
өткен 
лимфокиндер 
бойынша 
эксперттердiң  комитетiнiң  Халықаралық  симпозиумында  сол  уақытқа 
дейiн  белгiлi  болған  лимфокиндер  мен  монокиндер  туралы  мәліметтер 
бiрiктiрiлiп    интерлейкиндердiң  (ИЛ)  –  лейкоцитарлық  медиаторларының 
қағидасы  негiзделдi.  Сол  кезде  алғашқы  зерттелеген  екi  интерлейкинге  – 
ИЛ-1  және  ИЛ-  2  деген  кезектi  сан  берiлдi.  Қазiргi  таңда  30-дан  астам 
интерлейкиндер зерттелген. Олардың бiрiншiлiк құрылымдары анықталып, 
барлығы рекомбинанттық түрде өндiрiлген. 
ИНТЕРЛЕЙКИН–1 (Адамның хромосомаларының 2-шi жұбы).  
ИЛ-1    1972  ж.  төменгi  концентрациядағы  митогендермен  әсерлесiп 
тимоциттердiң көбеюiн қоздыруға қабiлеттi фактор ретiнде табылған. 
ИЛ-1дiң  тектерiн  клондауы  бiртектi  белсендiлiгi  бар  екi  түрлi  белок 
бар  екенiн  көрсеттi:  ИЛ-1α  және  ИЛ-1β.  Олардың  молекулалық 
салмақтары 15 000 – 17 000 Д, сапалық көрсеткiштерi ұқсас және екеуi де 
иммундық  жауап  пен  қабынудың  эффекторлық  фазасының  негiзгi 
цитокиндерi болып келедi.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   459




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет