Токарлық өңдеу кезінде кесу режимінің параметрлерін таңдау
жалпы бірізділігі:
■
Кесу тереңдігі;
■
беру;
■
кесу жылдамдығы.
Кесу тереңдігі.
Әр жағдайда әдіпті
өңдеуге және білдектің
мүмкіндігімен шектелген максималды мүмкін
кесу тереңдігін
таңдайды. Егер қандай да бір үстінің өңдеуі үшін екі немесе үш өту
(мысалы, қаралтым,
жартылай таза, таза) қарастыралса, әдіптіск
сәйкесінше әрқайсысын бір жұмыс барысында алуға тырысатын екі
немесе үш бөлікке бөледі. Кесу тереңдігінен
кесетін жиектің қию
ені мен жұмыс бөлігінің ұзындығы тәуелді.
Таза әдіптіск бірқатар факторларға байланысты, олардың
негізгілері болып талап етілетін
бөлшектің нақтылығы мен
бұдырлығы, кейінгі өңдеудің қажеттілігі, алдыңғы өңдеу сипаты
және т.б. болады.
Қаралтым өту кезіндегі кесу тереңдігін
бірінші жақындауда
құралдың қаттылығына, қатты құйманың беріктігі мен өлшеміне
байланысты жасайды. Қаралтым
өту кезіндегі максималды
тереңдікті және ұсынылатын орташаны сәйкес құралдың
картасында немесе нормативтарда көрсетеді. Кесу параметрлерін
оңтайландыру кезінде бастапқы тағайындалған кесу тереңдігін
әдетте тағайындалатын беру мен кесу жылдамдығына сәйкес
түзейді.
Достарыңызбен бөлісу: