■
екі жақты беріліспен (маятниктік беріліс) фрезерлеу.
Бұл өңдеу тәсілі алдынғының бір түрі болып табылады,
оны бұрылатын құрылғыларды пайдалану қиын, ұзын
дайындамалардың қысқа беттері үшін пайдаланады;
■
үзіліссіз фрезерлеу дегеніміз, өңделетін дайындамаларды
дөңгелек үзіліссіз айналып тұрған үстелге
немесе
барабанды
құрылғыға
орнатып,
білдектің
айналдырғыларында
орналастырылған
дөңбек
фрезалармен фрезерлейді. Мұндай фрезерлеуде даналық
уақыт машина уақытына жақын немесе тең болуы
мүмкін.
Жазық
беттерді фрезерлеп өңдеуді цилиндрлі немесе деңбек
фрезалармен жүргізеді. Дайындаманың
1 жазық А бетін цилиндрлі
фрезамен
2 (1.54,
а сурет) өңдеу кезінде,
көлденең-фрезерлі
білдектерді пайдаланады, оларға дайындаманы көлденең орнатады.
Фрезаның ұзындығы
L бұл кезде өңделеттін беттің енінен
В үлкен
болу керек. Фреза
2 бұрыштық жылдамдықпен ω айналып тұрады,
ал дайындаман
2 білдектің үстелімен
3 бірге S
өнім.`
бойлық
беріліспен жылжиды. Осы кезде
Һ әдібі шешіледі.
Жазық
беттерді деңбек фрезамен 4 (1.54,
б сурет) өңдеу
цилиндрлі фрезамен салыстырғанда дәлірек және өнімдірек. Кең
жазықтықтарды фрезерлеу үшін салынбалы кескіштері бар, ірі
деңбек фрезаларды пайдаланады. Түрлі-түсті металлдардан
дайындамаларды (алюминий және оның қоспалары)
өңдеу кезінде
бір тісті дөңбек фрезаларды пайдаланады. Мұндай фрезерлеу
амалдары бір жүріспен орындалады. Дайындама
1 берілісінің
қозғалысы үстелмен
3 қатты байланысқан, білдектің түрі мен
үстелге байланысты түзу сызықты және шеңберлі болуы мүмкін.
Бөлшектерді көптен шығару кезінде бір уақытта бірнеше
бөлшектерді
өңдеуді қолданады, бұл кезде білдектің үстелінң
барлық ауданын және оның үлкен жүрісін пайдаланады. 8-
қосымшада өңдеуге қажетті әдіптердің өлшемді ұсынылған, олар
дайындаманың
бекітілуінің
беріктігімен,
дайындаманың
төзімділігімен
және
фрезерлеу
білдегінің
қуаттылығымен
шектеледі.
Фрезерлеу білдектерінде жазық беттерді цилиндрлі фрезамен
білдек үстелінің бекітілген дайындамамен
бірге қозғалысы кезінде
фрезаның айналымы бағытына қарсы, яғни
қарсы фрезерлеумен
(1.54,
в сурет)
немесе сол бағытпен, яғни (1.54,
г сурет)
бағыттас
Достарыңызбен бөлісу: