Оқулық екі бөлімді 2 бөлім «Машина жасау технологиясы» мамандығы бойынша



Pdf көрінісі
бет58/316
Дата19.12.2022
өлшемі14,99 Mb.
#58083
түріОқулық
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   316
Байланысты:
mm

 
 
 
 
 
ЖАЗЫҚ БЕТТЕРДІ ӨҢДЕУ 
 
Жазық беттерді өңдеу әдістерін таңдаудың технологиялық 
алғышарттары. Жазық беттерді жону, сүргілеу, ұңғылау, 
фрезерлеу, ажарлау және созу арқылы өңдейді.
1.4.
 
77
 


Жазық беттерді жону таза түрінде сирек кездеседі, мысалы, А 
шетін (1.53, а сурет) бұранда ұстағышта бекітілген бұрандамен 
көлденең беріліспен S
көлд. 
жонады. Бұл жерде дайындама 2 
құрылғыда 1 орналастырылады және бұрыштық жылдамдықпен ω 
айналып тұрады. А жазықтығының жонуын оған жабысып тұрған 
қысқа В цилиндрлі беттің (1.53, б сурет) өңдеуімен бірлесуі мүмкін, 
сол кезде осьтің бетінің берілген беткен көлденеңдігін қамтамасыз 
етеді. Бұл жағдайда А жазықтығы мен В цилиндрлі бетін өңдеу бір 
кескішпен 
бойлап береліспен S
бой.
 жүргізіледі, ал жазықтық жону 
бойынша ауысымдар амалда, бұйымның геометриясына қарай
басты немесе қосалқы болуы мүмкін. Жазықтықты жону цилиндрлі 
бетті жонумен бір ауысуда жүргізілуі мүмкін, мысалы, жіңішке 
бұрандамен жырашықты жону кезінде.
Жазық беттерге, жазық еместік шегінде пішіннің дәлдігі 
(ойыстық немесе дөңестік) бойынша талаптар қойылады, ол 
сызбаүлгілік сызғышпен немесе бояуы бойынша анықталады

Жазық беттің бұдырлығы цилидрлі беттің бұдырлығы сияқты өңдеу 
режимдеріне байланысты. Жазық беттің орналасуы бойынша 
дәлдігі көбінесе білдектің жұмыс аумағында орын алуымен, 
дайындаманың негіздеу дәлдігімен анықталады. 
Фрезерлеу жаппай өндірісте бұрын пайдаланылған сүргілеу мен 
жартылай ұңғылаудың орнын басты. Фрезерлеумен өңдеу кезінде, 
сүргілеуге қарағанда көбірек өнімділікке жетуге болады, себебі бір 
уақытта көп жүзді құралмен, бір жүзді құрал - бұрандамен 
салыстырғанда көп бетті өңдеуге болады. 
__________________________________________________________ 
1
2
 
1
2
 
1.53-сурет. Жазық беттерді жону схемалары: 
а - ашық жазықтықтың (шетжағының); б - цилиндрлі бетке жабысып 
тұрған жазықтығың 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   316




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет