DirectX бағдарламасын іске қосыңыз. Іздеуді пайдалануға болады немесе Жіберу мәзірін ашып Орындау тармағын таңдауға болады. Іздеу қатарында dxdiag пәрменін енгізіңіз және Enter пернесін басыңыз, бағдарлама жабдықты сканерлеуді бастайды (сур. 3.41). DirectX диагностика құралы бағдарлама болып табылады, оның көмегімен орнатылған компоненттер және драйверлер туралы толық ақпарат алуға болады. Жұмыс жасауды тексеруге, ақаулықтарды анықтауға және жылдам әрекет етудің жоғары деңгейіне жету үшін жүйенің баптауын жүргізуге мүмкіндік береді.
Кейбір мүмкін ақаулықтар көздерімен танысыңыз:
■ сертификацияланбаған драйверлер – Microsoft-пен DirectX-тің соңғы нұсқасымен толық үйлесімдігіне тексерілмеген;
■ аппараттық үдеудің болмауы – кейбір бағдарламалар өте баяу орындалады немесе аппараттық үдеу DirectDraw немесе Direct3D болмаған кезде мүлдем орындалмайды. Экран парағында DirectX Мүмкіндіктері тобында DirectDraw немесе Direct3D үшін Үдеу болатындығын тексеріңіз.
Сур. 3.41. DirectX диагностика бағдарламасы
Егер болатын болса, жабдықтың жаңару мүмкіндігін қарастырыңыз;
■ құрылғы қосылмаған – егер джойстик немесе басқа енгізу құрылғысы жауап бермесе, онда дұрыс емес орнатылған.
Бағдарламадағы бес қосымшаның мазмұндарын қарастырыңыз (Жүйе, Экран, Дыбыс1, Дыбыс2, Енгізу).
Жүйе қосымша бетінде жүйе жайлы ақпараттар болады: компьютер аты, операциялық жүйе, процессор, жады, DirectX нұсқасы.
Экран қосымша бетінде видеокарта мен оның драйверлері туралы ақпарат болады. Мұнда видеокарта күйін тексеруге болады. Сондай-ақ DirectDraw немесе Direct3D үшін аппараттық үдеуді сөндіруге болады, егер ол мүмкін болса.
Дыбыс1 қосымша бетінде дыбыстық карта және оның драйверлері туралы ақпарат болады.
Мұнда дыбыстық картаның күйін тексеруге болады.
Дәптерге DirectX бағдарламасының орналасқан жері мен тағайындалуы туралы, кейбір ақаулықтар мен Дыбыс2 және Енгізу мазмұны туралы ақпарат жазыңыз.