Оқулық «Федералдық білім беруді дамыту институты»



бет108/113
Дата27.11.2023
өлшемі17,18 Mb.
#128941
түріОқулық
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   113
Байланысты:
derbes-kompyuterdiserverlerdiperiferiyaly-rylylardy-zhne-zhabdy p424231235885

Қорытынды


Соңғы бірнеше жылдар бойы компьютер іс жүзінде әрбір адамның жұмысының ажырамас бөлігіне айналды. Есептеуіш құралдарды пайдалану интеллектуалды еңбекті жеңілдетіп және адамның тіршілігіндегі күрделі тапсырмаларды шешуге көмектесіп ғана қоймайды, сонымен қатар ақпараттық технологиялардың дамуына үлесін тигізеді, біздің санамызды түбірімен өзгертеді.
Қазіргі уақытта адамның іскерлігінде компьютерді қолданусыз сәттілікке жеткен салаларды атап шығу қиын. Компьютерді қолдану саласы үнемі кеңеюде, қоғамның өндіруші күштерінің дамуына әсерін тигізеді.
Компьютердің техникалық-экономикалық сипаттамалары үздіксіз өзгеріп отырады, мысалы:
■ жылдамдық;
■ жады көлемі;
■ жұмыстағы мықтылық;
■ қолданудағы қолайлылық;
■ габариттік өлшемдері; ■ тұтынатын қуаты және т.б.
Компьютерлер, жаһандық желілер мен телекоммуникациялар ғасырында әрбір адам осы әлеммен соқтығыса отырып, күнделікті мәселелер мен сұрақтарды шешуде жинақталған білімдерін қолдана отырып ақырындап білікті пайдаланушыға айналуда.
ДК пайдалану тиімділігі көп дәрежеде сыртқы құрылғылардың саны және типімен анықталады.
Кең номенклатура, сыртқы құрылғылардың техникалық-эксплуатациялық және экономикалық сипаттамалардың алуан түрлілігі пайдаланушыларға оның қажеттіліктеріне сәйкес келетін және қойылған тапсырмаларды ұтымды шешуді қамтамасыз ететін конфигурацияларды таңдап алуға мүмкіндік береді.
Компьютерлер заманының алмасуы жылдам қарқынмен жүруі сонша, тек қатардағы пайдаланушылар емес, сонымен қатар мамандар да компьютерлік жаңалықтарды қадағалауда зорға үлгеруде.
Берілген оқулық қолданыс саласы шексіз болатын қоғам өмірінде қазіргі уақытта дербес компьютерлердің алдыңғы орын алатындығы туралы көрнекті көрініс береді; есептеуіш техника саласында бағдар алуға үйретеді.
Терминдер сөздігі

Терминдер сөздігі


Адаптер – ақпаратты ұсынудың әртүрлі тәсілдері бар құрылғылардың түйіндесуі құрылғысы.
Есептеуіш машина немесе жүйенің архитектурасы – есептеуіш машинаның немесе жүйенің функционалды-логикалық және құрылымдық ұйымдастырылуын анықтайтын негізгі функционалды блоктардың және олардың өзара әрекеттесу схемаларының жиынтығы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет