Оқулық «Федералдық білім беруді дамыту институты»



бет109/113
Дата27.11.2023
өлшемі17,18 Mb.
#128941
түріОқулық
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   113
Видеоадаптер – видео сигналды видеомониторға беру және түрлендіруді жүзеге асыратын адаптер.
Видеомонитор – ақпаратты экранда визуалды бейнелеу құрылғысы.
Есептеуіш машина (компьютер) – берілген алгоритм бойынша ақпаратты өндеуді және қажет формада нәтижені алуды автоматтандыру мүмкіндігін құратын техникалық құралдар кешені
Есептеуіш желі (компьютерлік желі) – таратылған типтегі есептеуіш жүйе.
Есептеуіш жүйе коммуникациялық орта арқылы біріктіру жолымен ұйымдастырылған есептеуіш машиналардың жиынтығы.
Есте сақтайтын құрылғы – есептеуіш машина жұмысы кезінде ақпаратты бекітуді, сақтау мен беруді қамтамасыз ететін құрылғы.
Сыртқы интерфейс – есептеуіш машина және перифериялық құрылғылар арасындағы ақпаратпен алмасуды қамтамасыз етіп отыратын стандартталған аппараттық бағдарламалық құралдардың және сигналдардың жиынтығы.
Концентратор – есептеуіш желілердің бірнеше түйіндерін қосатын құрылғы.
Кэш-жады – процессормен жиі қолданылатын деректерді аралық сақтауға арналған асқан оперативті жылдам әрекет етуші буферлік жады.
Маршрут – ақпарат жіберушіден алушыға тасмалданатын есептеуіш желінің түйіндерінің кезектілігі.
Маршрутизатор – екі немесе бірнеше желілерге қосылған және ақпараттық пакеттерді бір желіден басқа желіге белгілі ең тиімді маршруттар бойынша тасымалдайтын бағдарламалық немесе аппараттық-бағдарламалық құрылғы.
Модем ақпаратты сандық формадан аналогтық және кері түрде синусоидты сигналды модуляция-демодуляция арқылы түрлендіретін құрылғы.
Ақпарат жинақтауыш – ақпарат сақтаудың сыртқы құрылғысы.
Плоттер – үлкен форматтағы тасымалдағыштармен жұмыс істеуге арналған кең форматты принтер (сызбалар, схемалар, плакаттар).
Принтер (басып шығарушы құрылғы) – ақпаратты қағазға немесе басқа тасымалдағышқа шығаратын перифериялық құрылғы.
Есептеуіш машиналарға арналған бағдарлама – есептеуіш машинада өндеуге тұрарлық пәрмендердің ретке келтірілген тәртібі.
Хаттама – есептеуіш машиналар мен жүйелердің жеке есептеуіш компоненттерінің ақпараттық өзара әрекеттесу форматы мен типтерін сипаттайтын және регламенттейтін арнайы стандартталған ережелердің жинағы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет