Оқулық «Федералдық білім беруді дамыту институты»



бет74/113
Дата27.11.2023
өлшемі17,18 Mb.
#128941
түріОқулық
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   113
Байланысты:
derbes-kompyuterdiserverlerdiperiferiyaly-rylylardy-zhne-zhabdy p424231235885

Компьютерді жетілдіру – өнімділікті арттыру мақсатында оның жекелеген бөліктерін қуаттырақ және заманауи түріне алмастыру. Заманауи дербес компьютерлер бойынша құрылған модулдік жүйе, барлық мәліметтері мен файлдарды сақтай алатын, қуатты машина ала отырып, компьютерді жетілдіру сияқты операцияларды бірнеше рет жүргізуге мүмкіндік береді.
Жетілдіру – ДК-дің пайдалану және тұтынушылық құрамдарын жақсартуы бойынша жүргізілетін іс-шаралар жиынтығы.
Жетілдірудің мақсаттары болып:
■ ДК техникалық ерекшеліктерін жақсарту;
■ ДК қосымша тұтынушылық құрамын беру;
Мұндай жаңартулардың уақыты кашан келгенін білу қиын емес. Егер машина артылған тапсырмалармен жұмыс жасай алмаса, тежеліп немесе қатып қалатын болса, ысып кетіп және өздігінен сөнетін болса, жаңа бағдарлама ашылмай немесе баяу ашылатын болса, онда компьютерге жетілдіру қажет.
Сонымен қатар, компьютердің жүйелік ресуртарына қосымша талап қоятындай, жоғары дәлдікті бейнероликтермен, қолжетімділігі жоғары фотолармен және басқаларымен Интернет жыл сайын барынша үдемелі болып келеді
Жетілдіруді жүргізудің себептері болып табылатындар:
■ Компьютердің аппаратты бөлігінің рухани көнеруі;
■ ДК аппартты бөлігіне жаңа талапты бағдарламалық қамтамасыз етудің пайда болуы;
■ Компьютердің көмегімен жаңа функцияларды орындау қажеттілігі .
Негізі құрауыштарды жетілдіру қажеттілігі себептерін егжей-тегжейлі қарастырамыз.
Оперативті жады. Оперативті жады көлемінің жетіспеушілігі кезінде, жүйе қатқыл дискіні тербелісте файлға қайта қайта жүгінеді, ол жүйенің жалпы өнімділігін төмендетеді. Бір мезетте төрт-бес қолданатын қосымшалар қосып, Тапсырмалар панелі көмегімен, оларды қайтадан басып көріңіз. Егер қосу процесі іркіліспен жүрсе және осы кезде жүйелік блоктағы қатқыл диск индикаторы интенсивті жанып-сөніп тұрса, демек жүйеде оперативті жадының жетіспеушілігі бар. Жадыны пайдалануда егжей-тегжелі ақпаратты, Тапсырмалар диспетчері немесе Ресурстар мониторында графиктер мен таблицаларды бақылай отырып алуға болады.
Процессор. Процессордың қуатына қосымшалардың барлығында компьютердің өнімділігі байланысты. Процессордың жүктемені орындай алатындығын білу үшін, Тапсырмалар диспетчерін қосу керек және Тезәрекет бетбелгісіндегі графиктер мен хабарландырулар саласында процессордағы жүктелім индикаторын бақылайды. Гере осындай тапсырмалар орындау барысында процессор жүктелімі 100 %-ға жақын болса, демек, процессор қуаты жеткіліксіз.
Бейнекарта. Бейнеадаптерді жетілдіру көбінесе үш өлшемді өнімділікті арттыру үшін немесе үш өлшемді графиканы пайдалану үшін орындалады. Бейнекартаны алмастыру туралы шешім қабылдау үшін ойындық немесе синтетикалық тестерді пайдалану ұсынылады.
Қатқыл диск. Әдетте жаңа қатқыл дискіні бағдарламалар мен мәліметтерді сақтауда көнесінде орын жетпесе ғана алады. Заманауи қатқыл дискіні қондыру жүйе жұмысынң жылдамдығын арттыруға мүмкіндік береді, әсіресе бұл заманауи шапшаң SSD-диск болса. Сонымен қатар жүктелім жылдамдығы мен операциялық жүйенің жұмысы да айтарлықтай артады.
Жүйелік тақта. Жүйелік тақтаны алмастыру әдетте бар тақтаға қуатты процессорды, бейнекартаны қондыра алмағанда немесе оперативті жадының көлемін арттырғанда, орын алады. Мұндай жағдайларды платформаны алмастыру туралы айтылады, бұл оның жүйелік тақтасын көтере алатын, жаңа буынды процессорды қондыруды және жаңа стандартты оперативті жадыға көшуді білдіреді. Бір мезгілде процессорды, тақтаны және жадыны алмастыру жүйенің жалпы өнімділігін бірнеше есе арттыруға мүмкіндік береді.
Қорек блогы. Қорек блогындағы қуаттың жетіспеушілігінен, компьютерде жиірек кенеттен қайта жүктелуі немесе басқада жаңылыстары пайда болады. Жоғары энерготұтынушы қуатты процессор орнатуда, қуатты бейнекарта орнатуда немесе таратып жіберу кезінде міндетті түрде қорек блогын жетілдіру жайында ойлану керек.
Суыту жүйесі. Суыту жүйесін жетілдіру әдетте екі жағдайда орын алады:
Шуды төмендету үшін – компьютермен жұмыс кезінде ыңғайлы жағдайды қамтамасыз ету үшін, жүйелік блоктан шығатын шуды минимумге дейін төмендету керек. Ол үшін жетдеткіштерді тыныш желдеткішке ауыстыру қажет немесе суытудың енжар жүйесіне көшу керек.
Жеделдету кезінде – бұл жағдайда таратылатын құрауыштардың ысуы артады және штатты жүйенің суыту қуаттылығы жетіспеуі мүмкін. Тарату режимінде тұрақты жұмысты қамтамасыз ету үшін, кулерді біршама қуаттысына ауыстыру қажет, бірақ олар шулы болуы мүмкін.
Ерте ме, кеш пе, компьютердің өнімділігі жетіспейтінен көз жеткізетін сәт туады: бағдарламалар баяу ашылады, жүйенің түсініксіз іркелістері болады, қатқыл дискі үнемі шуылдауды және т.б. Бұл кезеңде әрі қарайғы ісәркеттермен қателеспеу қажет. Алдымен компьютерді оңтайландыруды орындау керек. Бұл қарапайым әрекет сирек, жүйелік блокқа екінші өмірді береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет