Оқулық «Федералдық білім беруді дамыту институты»



бет32/113
Дата27.11.2023
өлшемі17,18 Mb.
#128941
түріОқулық
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   113
Принтерді жалғау. Компьютерге принтерді физикалық жалғағаннан кейін, принтерді бағдарламалық орнату және күйге келтіру қажет. Windows басып шығару үрдісімен бағдарлама емес, операциялық жүйе басқарады. Принтерді басқару ісін драйвер жүзеге асырады. Олар принтермен бірге жеткізіледі, бірақ әйгілі үлгілердің драйверлері Windows жиынтығында болады. «Өзінің» драйвері болмаған жағдайда бар драйверлер жинағынан ұқсасын таңдап көруге болады немесе Интернет желісінде өндіруші-фирма парақшасынан табуға тырысу қажет.
Сканерлер. Сканер – компьютерге ақ-қара немесе түрлі-түсті суреттер енгізу, графикалық және мәтіндік ақпараттарды оқытуға мүмкіндік беретін құрылғы (сурет - 1.29). Сканерді қолда бар түпнұсқа құжатты, мәтінді және (немесе) графикалық суреттерді, оны әрі қарай қайта өңдеу (редакциялау және т.б.) үшін компьютерге енгізу қажеттілігі туындаған кезде пайдаланады. Содан кейін сканерленген ақпарат арнайы бағдарламалық қамтым арқылы (мысалы, FineReader бағдарламасымен) өңделеді де мәтіндік немесе графикалық құжат ретінде сақталады.
Әрекет ету қағидасы. Сканердің негізгі элементі CCD- матрица (Charge Coupled Device – қуаттық байланысы бар құрылғы) немесе PMT (Photo Multiplier Tube – фотокөбейткіш). Колба-фотокөбейткіштер тек қиын және қымбат барабанды, кәсіби сканерлерде қолданылады, сол себепті бұдан кейін тек CCD-матрицалы сканерлердің әрекет ету принциптерін қарастырамыз.

CCD-матрица – сыртқы кернеу әсер еткенде жарық әсерінен іске қосылатын диодтар жинағы. Матрица сапасына кескінді тану сапасы тәуелді. Сканердің арзан үлгісі түстің бар/жоқтығын анықтайды, қүрделі үлгілер – сұры түсті реңк, олардан кейін күрделісі – барлық түсті таниды. Сканерден өтетін объект ксенонды лампамен немесе светодиодтар жинағымен жарықтанады. Шағылысқан сәуле айналар жүйесі көмегімен немесе линзамен CCD – матрицасына жобаланады. Жарық және сыртқы кернеу әсерімен матрица аналогты сигналды генерациялайды, ол бейнелеу қарқындылығы әртүрлі қарапайым фрагменттерге қатысты оның парағына байланысты қозғалыс кезінде өзгереді. Сигнал аналогты-сандық түрлендіргішке жіберіледі, ол жерде санық түрлендіру орын алады да (нольдер мен бір сандарының жиынтығы түрінде ұсынылады) компьютер жадына жіберіледі. Сканерлеудің екі тәсілі бар: жылжымайтын CCD-матрицаға қатысты парақтың қозғалуы немесе қозғалмайтын парақ бетімен жарыққа сезімтал элементтің орын ауыстыруы.
Сканерлерді жіктеу кезінде сканерлеу тәсілімен, түпнұсқа өлшемімен және оптикалық жүйе сапасымен бір-бірінен ерекшеленетін үлгілері өте көп. Ақпаратты оқитын түйіннің орын ауыстыруын ұйымдастыру тәсілі бойынша сканерлер планшеттік, барабандық және қолдық болып бөлінеді (1.30-сурет).
Планшеттік сканерлерде түпнұсқаны астынан оптика-электрондық оқы құрылғысы қозғалып жүретін шыны үстіне салады. Барабандық сканерлерде түпнұсқа барабан арқылы кіріс саңылауға транспорттық трактке тартылып, жылжымайтын ақпаратты оқу-көшіру құрылғысының қасынан өткізіледі. Барабандық сканерлер кітаптарды, тігілген брошюра және т.б. сканерлей алмайды. Қолдық сканерді түпнұсқа бетімен бірқалыпты жылжыту қажет, ыңғайлы емес. Жүйелі түрде қолданатын болсаңыз, қымбат болса да үстелдік планшеттік сканер болғаны дұрыс.
Сканерлердің негізгі техникалық сипаттамалары:
рұқсат ету қабілеті – сканер кез келген объектті жеке нүктелер жинағы ретінде қарастырады (пикселдер). Пикселдер тығыздығы (бірлік аудандағы саны) дегеніміз сканердің рұқсат ету қабілеті және dpi (dots per inch – 1 дюмдегі нүктелер саны) өлшенеді. Пикселдер жолақ бойымен орналасады, солай көріністі толтырады. Сканерлер үрдісі жолақ бойынша жүреді, барлық жолақ бірге сканерленеді. Сканердің қарапайым рұқат беру қабілеті 200 ... 720 dpi құрайды. Одан көп мән (1 000 жоғары) интерполяционды, көрініс нұктелері қасында орналасқан параметрлерді математикалық түрлендіру арқылы бағдарламалық жолмен қол жеткізетін рұқсат ету қабілетін бірдіреді.


в Сурет - 1.30. Сканерлер түрлері: а – қолдық; б – планшеттік; в
барабандық
Сканерленген материалдың сапасы оптикалық рұқсат ету қабілетінен (CCD-матрицаның дюмде жарыққа сезімтал диодтар санымен анықталады) және механикалық рұқсат ету қабілетіне (жарыққа сезімтал элементтің қозғалыс дискреттілігінен және қағазға қатысты айналар жүйесінен анықталады) де байланысты. Рұқсат ету қабілетін таңдау сканерлеу нәтижесін болашақта пайдаланумен анықталады: фотожинақтық машиналарда
басылатын бейнелеу суреттері үшін рұқсат ету қабілеті, 1000 ... 1 200 dpi, суретті лазерлік немесе қолдық принтерде басып шығару үшін – 300 ...600 dpi, монитор экранында суретті қарау үшін – 72 ... 150 dpi, мәтінді анықтау үшін – 200 ... 400 dpi;
түс анықтаудың тереңдігі – түпнұсқаны сандық түрге түрлендіргенде суреттің кез келген пикселі туралы ақпарат сақталады. Қарапайым сканерлер түстің бар немесе жоқ екенін анықтайды, нәтижесінде сурет аққара түсті болады. Пикселдер туралвы ақпарпат үшін бір разряд жеткілікті (0 немесе 1). Сұры түстерді беру үшін ақ пен қара түс арасында кем дегенде төрт разряд қажет (16 түс) немесе сегіз разряд (256 түс). Разряд көп болған сайын түстердің берілу сапасы жоғары болады. Көптеген заманауи түрлі-түсті сканерлер 24 разрядты түс тереңдігімен жұмыс жасайды. Сканер шамамен 16 млн түтерді тануға мүмкіндік береді, және суреттерді сапалы сканерлеуге болады. Сканерлер нарығында 3 немесе 34 разрядты түстер тереңдігін танитын түрлері де кездеседі;
динамикалық оптикалық диапазон – жартылай тондар спектрлерін анықтайды. Оптикалық тығыздық шағылған жарыққа түскен сәуленің қатынасы ретінде анықталады және 0,0 (абсалют ақ дене) бастап 4,0 (абсолют қара денеге) дейін диапазон аралығында тербеледі. Диапазлн мәні D әріпімен толығады және оның сезімталдық деңгейін анықтайды. Көптеген планшеттік сканерлердің стандартты диапазоны 2,4 D, бір түстің ұқсас реңктерін өте жақсы ажыратпайды, бірақ бұл кәсіби емес қолданушы үшін жеткілікті;
сканерлеу тәсілі – сканерленген түсті көріністің сапасы сканердің деректерді жинау тәсіліне тәуелді. CCD-матрицаның түпнұсқадан өту санымен ерекшеленетін екі негізгі тәсілді анықтайды. Бірінші сканерлер
үш рет сканерлеп өтуді қолданды. Әр өткен сайын RGB түсті палитрасынан түстердің біреуі сканерленіп отырды. Заманауи сканерлер бір рет сканерлеу әдістемесін қолданады, түстік сәулені құраушыларға призма көмегімен бөледі. ■ Сканерлеу жылдамдығы – сканер өнімділігін анықтайтын стандартты әдістеме жоқ. Өндірушілер бір жолақты сканерлеу немесе секунд санын көрсетеді. Бірақ компьютерге, драйверге, түстерді беру сұлбасына, қосылу тәсілін, рұқсат ету қабілетін ескеру қажет. Сол себептен сканерлеу уақыты тәжірибелік жолмен анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет