Оқулық «Федералдық білім беруді дамыту институты»



бет28/113
Дата27.11.2023
өлшемі17,18 Mb.
#128941
түріОқулық
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   113
Газоплазмалық мониторлар екі пластинадан тұрады, арасында электрлік импульстер арқасында жанатын газдық қоспа бар. Олар СКД тән кемшіліктері жоқ, дегенмен оны тасымалы батареялық қорегімен немесе аккумулятормен пайдалануға болмайды, өйткені оларға үлкен тоқ күші қажет.
DVI порты немесе санды бейнекіру. Аналогты VGA-кіріспен жабдықталған (D-Sub) мониторлардың, келген деректерді сандық форматқа түрлендіруге арналған қосымша сұлбалары бар – аналогты-сандық түрлендіргіш (АСТ). Сондықтан маңызды параметр – мониторда DVI (Digital Video Interface) портының бар болуы. DVI жағдайында мониторға бейнесигнал түрлендірілмей тіке барады.

Сурет - 1.25. Плазмалық монитор матрицасы:
1диэлектрик; 2 – экран электродтары;
3 – магния оксиді; 4ұяшықтарды бөлгіш; 5 – пиксел; 6 – фосфор; 7 – адрес электродтары
Нәтижесінде VGA-кірісті пайдаланғанмен салыстырғанда сурет әлдеқайда анық болып шығады.
Мониторлардың негізгі параметрлері. Пайдаланушы тарапынан қарағанда монитордың негізгі сипаттамалары: диагонал бойынша өлшемі, рұқсат беру қабілеті, регенерация (жаңару) жиілігі және қорғаныс класы.
Монитор экранының өлшемі диагонал бойынша дюйммен өлшенеді. Өлшемдері 9 дюймнен (23 см) 42 дюймге (106 см) дейін барады. Экран үлкен болған сайын монитордың бағасы да қымбат болады. Кең таралған монитордың өлшемдері 14, 15, 17, 19 және 21 дюйм. Үлкен өлшемді мониторларды, суреттердің әр бөлігін анық көре алатындықтан, үстел үсті баспа жүйесіне және графикалық жұмыста қолданған жақсы. Жаппай пайдалануға жарайтындары 15- және 17-дюймдік мониторлар.
Графикалық режимде монитор экранындағы көрініс нүктелерден (пикселдер) тұрады. Монитор бетінде анық және бөлек-бөлек шығатын тігінен және көлденең барлық нүктелер санын рұқсат ету қабілеті деп атайды. «800х600 Рұқсат ету қабілеті» терминінің мағынасы монитор 600 көлделең жолақ және әр жолақта 800 нүкте шығара алады дегенді білдіреді. Стандартты рұқсат беру режимдері келесідей: 800 х 600, 1 024 х 768, 1 152 х 864 және одан да көп. Монитордың бұл қасиеті экран нүктесінің көлемімен анықталады. Заманауи монитордың экран дәні (нүктесі) өлшемі 0,28 мм аспайды. Рұқсат ету қабілеті үлкен болған сайын көрініс сапасы жоғары, ол әрине экран өлшемімен де байланысты. Сол себептен, қанағаттанарлық көрініс сапасы үшін 15-дюймдік мониторда 80х600 режимінде нүкте көлемі 0,28 мм шектеле алады, 14-дюймдік монитор үшін дәл осы нүкте көлемінде бейнережимде ұсақ бөлшектер сапасы салыстырмалы түрде нашар болады. «Регенерация жиілігі» параметрі басқаша айтқанда кадрлық жайма жиілігі деп аталады. Ол секундына неше рет монитор экрандағы көріністі толықтай неше рет жаңарта алатынын көрсетеді. Регенерация жиілігі герцпен (Гц) өлшенеді. Жиілік үлкен болған сайын көз ауырмайды, соғұрлым үздіксіз
жұмыс жасауға болады. Қазіргі кезде минимал жиілік 75 Гц, қалыпты – 85 Гц, жайлы – 100 Гц және одан жоғары. Бұл параметрде бейнеадаптер сипаттамаларына тәуелді.
Монитордың қорғаныс класын қауіпсіздік техникасы талаптарына жауап беретін монитор стандартымен анықталады. Қазіргі таңда жалпы қабылданған деп TCO 92, TCO 95 және ТСО 99, адам денсаулығына қауіпсіздік шеңберінде электромагниттік әсер ету деңгейін шектейтін, эргономикалық және экологиялық нормалар халықаралық стандарттар есептеледі.
Принтерлер. Принтерлер ақпаратты қатты тасымалдағыштарға, негізінен қағаз бетіне шығару үшін арналған. Принтерлердің интерфейс, өнімділігі және функционалдық мүмкіндіктері бойынша ерекшеленетін сан-алуан үлгілері бар. Әрекет ету қағидасына байланысты: матрицалық, ағыншалы және лазерлік принтерлер болып бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет