Оқулық «Федералдық білім беруді дамыту институты»



бет31/113
Дата27.11.2023
өлшемі17,18 Mb.
#128941
түріОқулық
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   113
Байланысты:
derbes-kompyuterdiserverlerdiperiferiyaly-rylylardy-zhne-zhabdy p424231235885

Әрекет ету қағидасы. Көптеген лазерлік принтерлерде көшірме аппараттарындағыдай баспа механизмдері қолданылады. Негізгі түйін суретті қағаз бетіне басатын қозғалмалы барабан. Барабан жартылай өткізгіш қабатымен қапталған металл цнемесендр. Барабанның беті разрядпен статистикалық зарядталады. Барабанға бағытталған лазер сәулесі тию нүктесінде эдектростатистикалық зарядты өзгертеді де барабан бетінде суреттің электростатистикалық көшірмесін қалдырады. Осыдан кейін барабанға бояу ұнтағының қабаты (тонер) жағылады. Тонер бөлшектері тек электрлік заряталған нүктелерге тартылады. Қағаз тарпадан тартылады да оған электрлік заряд беріледі. Барабанға салу кезінде қағаз барабаннан тонер бөлшектерін өзіне тартады. Тонерді фикасациялау үшін қағаз тағы да зарядталып 180 °С дейін қыздырылған біліктер арасынан өтеді. Аяқталған соң барабан тоғынан айырылады, тонерден тазартылады және таға да пайдаланылады.
Түрлі-түсті баспа кезінде сурет қағаз механизмнен төрт рет өткенде әр түрлі тлнерлердің араласуынан қалыптасады. Әр өткен сайын қағаз бетіне бір түсті тонердің қажет мөлшері жағылады. Түрлі-түсті лазерлі принтер күрделі электрондық құрылғы, оның тонерге арналған төрт резервуары, оперативті жады, процессоры және қатты дискі бар. Бұл сипаттамалары әрине бағасына және габариттік көлеміне әсер етеді (сурет - 1.28). Лазерлік принтердің негізгі сипаттамалары:
басып шығару жылдамдығы – қағазды механикалық тарту жылдамдығымен және компьютерден келіп түсетін деректерді өңдеу жылдамдығымен анықталады. Басып шығарудың орташа жылдамдығы минутына 4 ... 16 бет;
рұқсат ету қабілеті – заманауи лазерлік принтерлерде 2 400 dpi жетеді. Стандартты мәні 300 dpi;
жады – лазерлік принтердің жұмысы көптеген есептеулерден тұрады. Мысалы, рұқсат ету қабілеті 300 dpi болғанда, А4 форматтағы парақта шамамен 9 млн нүкте болады, және олардың әрқайсысының координаттарын есептеу керек. Ақпаратты өңдеу жылдамдығы процессордың тактілік жылдамдығына және принтердің оперативті жады көлеміне тәуелді. Қара-ақ лазерлік принтердің оперативті жадының көлемі Объем оперативной памяти черно-белого лазерного Мбайттан аспайды,
түрлі-түсті лазерлік принтерде айтарлықтай көп;
қағаз – А4 форматындағы сапалы парақ қолданылады. А3 форматына арналған үлгілері бар. Лазерлік принтердің кейбірінде орама қағазды пайдалану мүмкіндігі бар.
Лазерлік принтер жұмысының жарамдық мерзімі және сапасы барабаннан тәуелді. Арзан үлгідегі барабан қоры – 40 ... 60 мың бет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет