Әрекет ету принциптері. Сияны тозаңдатудың үш тәсілі бар: пьезоэлектрлік, көпіршіктер газы және drop-on- demand. Пьезоэлектрлік тәсілде пьезоэлектрлік түйін бүріккішінде диафраммамен байланысқан жалпақ пьезоэлемент орналасқан. Баспа кезінде ол чернила распылениесін распылитель арқылы шақырып диафрагманы қысады, жібереді. Тасымалдаушыға аэрозоль ағыны түскен кезде нүкте басылып шығады (Epson, Brother фирмаларының принтерлер үлгілерінде қолданылады). Газдық көпіршіктертәсілінде әр бүріккіш жылытқыш элементпен жабдықталған. Сия микросекундтық ток импульсі элементінің арасынан өткен кезде қайнау температурасына дейін қыздырылады да тасымалдағышта таңбалар қалдыратын сияны бүріккіштен қысып шығаратын көпіршіктер пайда болады (Hewlett Packard, Canon фирмаларының принтерлер үлгілерінде қолданылады). drop-on-demand тәсілі (қажеттілігінше тамшы) жоғарыдағы тәсілден айырмашылығы тамшының пайда болуы үздіксіз болмайды, тек көріністі жасау сәтінде пайда болады. Жоғары сапалы таңбаны шығарудың жоғары жылдамдығын қамтамасыз етеді.
Түрлі-түсті баспа әртүрлі түстерді белгілі бір қатынаста араластыру жолымен орындалады. Ағыншалы принтерлердің артықшылығы CMYK (Cyan-Magenta-Yellow) түрлі-түсті үлгі жүзеге асады. Түстердің араласуы таза қара түсті бере алмайды, өйткені құраушы үлгі қатарына қара түс (Black) кіреді. Түрлі-түсті баспа кезінде картриджде үш немесе төрт сия құйылған резервуар болады. Баспа түйіні парақтың бір жерінен бірнеше рет өтіп, түрлітүсті бояулардың қажет санын жағады. Бояуларды араластырғған кейін парақта қажет түсіміздің аймағы пайда болады (сурет - 1.27). Ағыншалы принтерлер сипаттамасы:
■ басу жылдамдығы – сапасы орташа режимде баспа минутына үштөрт парақты құрайды. Түрлі-түсті баспа уақытты көп алады;
■ басып шығару сапасы – распылительдер саны көп струйных принтерлердің қымбат түрлері суреттің жоғары деңгейдегі сапасын қамтамасыз етеді. Бірақ қағаз сапасы мен қалыңдығы үлкен роль атқарады. Сияның ағып кетуінің алдын алу үшін кейбір принтерлер қағазды жылыту тәсілдерін қолданады;
■ рұқсат ету қабілеті – графикалық суреттерді басып шығару рұқсат ету қабілеті 300 бастап 720 dpi дейін құрайды;
■ тасымалдағыш таңдауы – орама қағазында басып шығару мүмкін емес. Басты кемшілігі бояудың бүріккіштерде қатып қалуы. Оны тек картридж алмастырып қана жоя аламыз. Қатып қалуды болдырмас үшін принтерлер бүріккіштерді тазарту құралымен жабдықталған. Бағасы және сапасы жағынан ағыншалы принтерлер үй жағдайында пайдалануға тамаша келеді.
Заманауи лазерлік принтерлер басып шығарудың ең жоғары сапасына қол жеткізуге мүмкіндік береді. Сапасы фотосуреттің сапасына жақын. Лазерлік принтерлердің негізгі кемшілігі бағасының жоғары болуы.