Оқулық «Федералдық білім беруді дамыту институты»



бет29/113
Дата27.11.2023
өлшемі17,18 Mb.
#128941
түріОқулық
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   113
Байланысты:
derbes-kompyuterdiserverlerdiperiferiyaly-rylylardy-zhne-zhabdy p424231235885

Матрицалық принтерлер осы кезге дейін ақпарат шығарудың ең кең таралған түрі болды. Өйткені лазерлік принтерлер қымбат, ал ағыншалы сенімсіздеу. Негізгі артықшылығы арзандығы және әмбебаптығы, яғни кез келген сападағы қағазға басып шығару мүмкіндігі.
Әрекет ету қағидасы. Баспа басып жатқан матрица түйініне кіріктірілген бірнеше инелер көмегімен жүзеге асады. Қағаз принтерге білдек көмегімен тартылады. Қағаз бен баспа түйінінің арасында бояғыш лента орналасады. Лентаны инемен ұрғылағанда қағазда нүктелер пайда болады. Баспа түйінінде орналасқан инелер электромагнитпен басқарылады. Баспа түйінінің өзі көлденең қозғалады және қадамдық қозғалтқышпен басқарылады. Баспа түйінін қағазда жол бойынша қозғалтқан кезде нүктелерден тұратын таңбалардың іздері шығады. Принтер жадында бөлек әріптер мен таңбалардың кодтары сақталған. Осы кодтар белгілі бір әріпті басу үшін қай инені және қашан белсенді ету қажет екенін анықтайды.
Матрицада 9, 18 немесе 24 ине болуы мүмкін. 9-инелік принтермен басу сапасы жоғары емес. Сапасын жақсарту үшін жолақтан түйінді екі және төрт рет өткізу қажет. Қазіргі заманауи матрицалық принтерлер үшін стандарт 24 инелік матрица болып есептеледі. Инелер екі қатар болып, әр қатарда 12 данадан орналасқан. Баспа сапасы айтарлықтай жоғары. Матрицалық принтерлер бірден құжаттың бірнеше көшірмесін шығарып бере алады. Ол үшін парақтарды көшірмелік калькамен алып қою. Матрицалық принтерлер талапшыл емес, кез келген қағаз бетіне басып шығара алады: картонда, орамалық қағазда және т.б. (сурет - 1.26). Алғашқы ағыншалы принтерлерді Hewlett Packard фирмасы шығарды. Әрекет ету ережесі матрицалық принтерге ұқсас, бірақ инелер орнында капиллярлы бүріккіштер және сиясы бар резервуар орналасқан. Орта есеппен бүріккіштер саны – 16 бастап 64 жетеді, бірақ қара сияларға арналған распылительдер саны 300, ал түрлі түстілер үшін – 416 баратын принтерлер түрлері де кездеседі.

Сурет - 1.26. Матрицалық принтер

Сиясы бар резервуар бөлек орналасып баспа түйінімен капиллярлар арқылы қосылуы мүмкін, ал кей принтерлерде баспа түйініне кіріктіріліп және сонымен бірге алмастырылуы мүмкін. Әр құрылымның өз артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Баспа түйініне кіріктірілген резервуар конструктивті бөлек құрылғы (картридж), оны алмастыру өте оңай. Көптеген заманауи ағыншалы принтерлерде қара-ақ және түрлі-түсті баспа картридждерін бірге қолдануға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет