259
ПРОЕКТ
лардың ішкі энергияларын босатудың басқа да жолын көрсетеді. Ол –
жеңіл элементтердің ядроларын біріктіру жолы
.
Жұлдыздар мен
Күннің орасан зор энергия шығаруы нақ осы жеңіл элементтер ядро-
ларының бір-біріне бірігуіне байланысты туындайды. Бірігетін ядролар
массаларының қосындысы түзілген жаңа ядроның массасынан үлкен
болғандықтан, жеңіл ядролардың бірігуі кезінде туындайтын
∆
m
масса-
сының өзгерісі
есебінен орасан зор
термо-ядролық энергия
алынады:
∆
Е
=
∆
m
· 931 МэВ.
Жеңіл ядролардың бірігуі (синтезделуі) барысында алынатын энер-
гияны адам мүддесіне сай ырыққа көндіру
жолы әзірше табылмай
отыр. Ядролық энергияның бұл түрі қазіргі жағдайда басқарусыз, тек
сутек бомбасы жарылғанда ғана алынады.
Жеңіл ядроларды бір-біріне
біріктіру реакциясы аса жоғары миллиондаған (градус) температурада
орындалатындықтан,
ондай ядролық реакцияны
термоядролық синтез
деп атайды. ХI ғасырда ғалымдардың алдында энергияның таусылмас
көзі қолдан басқарылатын термоядролық
реакторларды жасау міндеті
тұр. Бұл мәселе шешілетін болса, Жер бетіндегі сутектің энергетикалық
қоры 20 млрд жылға жететіні есептелген.
4. ХХ ғасырдың 30-жылдары ауыр ядроларды басқа бөлшектермен
атқылау арқылы ірі жарықшақтарға бөлу туралы ой туды. Ондай ойдың
тууына уран ядроларындағы бір нуклонға келетін байланыс энергиясы-
ның аздығы және бір-бірінен тебілетін оң
зарядты протондардың молды-
ғы себепкер болды.
Сөйтіп, уран ядросын бөлу үшін жаңадан ашылған нейтронды пай-
далану көзделді. Өйткені оң зарядты протондар мен
-бөлшектерге қа-
рағанда, бейтарап нейтрон ядроларға оңай өте алады. Шынында да,
1938 жылдың 18 желтоқсанында уран ядроларын нейтрондармен ат-
қылағанда, олардың екі үлкен бөліктерге бөлініп, басқа химиялық эле-
менттерге айналатынын неміс ғалымдары О. Ган мен Ф. Штрассман тәжі-
рибе жүзінде ашты. Бұл күнді ядролық
энергетика заманының бастау
күні десе де болады.
Достарыңызбен бөлісу: