30
Әртүрлі жастық кезеңдерде биологиялық жасты анықтау үшін
биологиялық жетілу үдерістін білдіретін белгілер қолданылады.
Әр балаға
биологиялық дамудың дара қарқыны тән, сондықтан
биологиялық жасы сол
жастағы балалардың жасынан өзгеше болуы мүмкін. Балалық шақтың барлық
кезеңдерінде дене пропроциясы және физикалық пен психомоторлық
дамуының ерекше айырмашылықтары бар. Сәби және мектеп алдына дейінгі
жастағы балаларды биологиялық жасы
туралы туа біткен шартсыз
рефлекстердің жойылуы және шартты рефлекстер пайда болуы, сүт тістерінің
шығуы және сүйектену ядросының қалыптасуы,
қозғалыс дағдылары мен
сөйлеуінің дамуы бойынша айтуға болады. Мектеп алды жасында жетілудің
маңызды белгісі – тұрақты тістердің пайда болуы, ал бастауыш және жоғарғы
сынып жасында – екіншілік жыныстық белгілердің, интеллекттің, физикалық
жұмысқа қабілеттілік.
Достарыңызбен бөлісу: