Оқулық «гэотар-медиа»



Pdf көрінісі
бет18/315
Дата15.11.2023
өлшемі12,15 Mb.
#122940
түріОқулық
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   315
 
 
 


Сурет. 1-17.
15 жастағы ұл мен 
 
27 
Жоғарғы сынып кезеңі (12 -ден 17-18 жасқа дейін) 

Жоғарғы сынып, не жасөспірімдік кезең жыныстық жетілумен 


сәйкес келеді. Аздаған уақыт арасында ер және қыз балаларда 
репродуктивті жүйе дамиды, оның морфологиялық және функциональды 
жағдайы 17-18 жаста ересек адамдармен теңеседі. Жоғарғы сынып 
кезеңінің негізгі сипаттамалары (1-17 сурет) төмендегідей:
 
Қарқынды жыныстық сарапталу. 

Гипофизарлы-гонадты 
және 
гипофизарлы-бүйрек-үстілік 
жүйенің белсенділігі артады. 

Дене массасы мен бойдың қарқынды өсуі. 

Қозғалыс және жүйке-психикалық белсенділіктің жоғарылауы. 

Бұлшық ет күшінің және жұмысқа қабілеттіліктің айтарлықтай 
жоғарылауы

Ми қызметінің реттелуі оның тек 
құрылымының жетілуіне ғана емес, сондай-
ақ эндокриндік өзгерістер әсер етеді. 
Пубертаттық кезең уақытына дейін қыздар 
мен ұлбалалар қанындағы гонадотропиндер 
көлемі төмен. Бірақ гипофиз және жыныс 
бездерінің гормондар секциясының аздаған 
және біртіндеп жоғарлауы – диэнцефальдық 
құрылымның дамуының жанама айғағын 
білдіреді. 
Ер 
балалар 
тестестеронның 
қандағы концентрациясы 15 жастан бастап 
жоғарылап, 
20 
жаста 
концентрациясы 
тұрақталады. Көмей дамуымен қатар дауыс 
мутациясы болады – бұл жасөспірімнің 
жыныстық жетілу дәрежесінің маңызды 
көрсеткіші. Аталық безінде жыныстық 
жасушалар 
дамиды 
және 
көптеген 
гормондар 
(эстрогендер, 
андрогендер, 
прогестерон) 
синтезделеді. 
Менархе 
басталуының орта жасы – 12-13 жас. 
Жыныстық 
жетілу 
кезінде 
бой 
ұзындығының ұлғаюы қарқынды, сондықтан 
12-14 жаста қыз балалардың физикалық 
дамуы ер балалардан озады. Мұндай 
«қарқын» ер балаларда кешірек байқалады – 
14 жаста, олар орта есеппен жылына 10 см-ге өседі.


28 
Жас өспірімдік кезеңде балалар мамандық таңдайды, осы кезде 
өмірдегі орнын білуі мен жеке тұлға болуы, сонымен қатар жыныстық 
сәйкестік сезімі қалыптасатын уақыт. Ой қабілеті дербес, белсенді, 
шығармашыл болады. Өзін-өзі құрбан ету, адалдық, сенімділік қасиеттері 
қалыптасады. Өзіндік ой-өрісі құрбандық кабілеті әлеуметтік даму 
ерешеліктері және пайда Бұл кезеңде психолдогиялық және қоғамдық даму 
ерекшеліктері физиологиялық даму ерекшеліктерімен және қоғамдағы 
алатын орнына байланысты (1-10 кесте). 
Жүрекке ерекше көңіл аудару қажет, себебі оның морфологиялық
дамуы нұсқаулары әртүрлі, жүрек ритмі құбылмалы, нейровегетативті 
бақылауы жетілмеген. Бұл кезеңде жүрек – қан тамыр және вегетативті 
нерв жүйесінің функциональді бұзылыстары («жасөспірім жүрегі», 
«жасөспірімдік гипертониясы», дисциркулторлық бұзылыстар) жиі 
байқалады. Сондай-ақ тамақтану бұзылыстары (семіздік, дистрофия) және 
АҚЖ аурулары ( гастрит, дуоденит, ойық жара ауруы) кең таралған. 
Жыныстық жетілу кезінде репродуктивті жүйенің ақаулары байқалады 
(дисменорея, аменорея және т.б), инфекциялық – аллергиялық аурулар, 
туберкулез қозуы мүмкін. Гормоналдық қайта құрылуына байланысты 
эндокриндік аппараттың қызметінде ауытқу болуы мүмкін (гипо- немесе 
гипертиреоз және т.б). Қыздарда да, ербалаларда да гормоналдық әсердің 
теңгерімсіздігі, терінің иммундық қасиеттерінің уақытша төмендеуі, май 
бездерінің қызметінің күшеюі терінің іріңдік ауруларын туындатады, 
әсіресе бетте. Бұл психологиялық дамудың, тұлға болудың ауыр кезеңі, 
кейде өмірлік құндылық жүйесіне көзқарасының, өзіне, ата-анасына және
құрдастарына деген көзқарасы драмалық жағдайға дейін өзгереді. 
Жасөспірімдермен конфиденциалдықты сақтап, бірақ кей жағдайда 
оны бұзу шарты болуы мүмкіндігін түсіндіріп (мысалы, күрделі аурулар 
туындау қауіпі бар анаша, алкоголь және т.б. қолдану) ақпараттық 
сабақтар, сұхбаттар жүргізу қажет. Жасөспірімдердің әртүрлі мәселені 
(ата-анасыз) жеке талқылау тілегін құрметпен қарау, осы кезеңде болатын 
әртүрлі өзгерістерге түсініктілік таныту, эмоцияларын білдіруге мүмкіндік 
беру, қарым-қатынаста өктемдіктен алшақ болу керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   315




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет